Андрес Цорн
Көрініс
Андрес Цорн(Zorn)(18.02.1860,Даларна,Мора, - 22.08.1920,сонда) - швед кескіндемешісі және график. Стокгольм Көркемссурет академиясында оқыды (1877-81). Шетелдерде (Франция,Англия,АҚШ,Ресей т.б.) еңбек етті. 1896 жылдан Морада тұрды. Шведтің белді реалист кескіндемешісі Цорн - "Иван түніндегі би" (1897,Стокгольм,Ұлттық музей) атты крест жорығы жайлы белгілі жанрлық картинаның және көптеген басқа картиналар мен пейзаждық туындылардың авторы. Суретші өнернамасында образ жарқындығы мен өміршеңдік, асқан ұтқырлық пен шешім еркіндігі тән. Цорн мұнымен қатар сулы бояумен сурет салудың үздік шебері, офортшы әрі мүсінші болды.
Қолданылған әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 87 бет