Анаболдану

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Анаболизм немесе Пластикалық алмасу (гр. ἀναβολή — көтеру, көтерілу) — тірі ағзадағы жасушалар мен тіндердің құрылымдық бөліктерін түзуге және жаңартуға бағытталған химиялық процестердің жиынтығы, жасушалардың қоректік заттарды сіңіруге бағытталған процессі. Соның нәтижесінде ағза денесі қалыптасады. А. ағзаның қоршаған ортадан келетін заттарды сіңіріп, қоршаған орта мен ағза арасындағы зат алмасуын қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде қарапайым молекулалардан жасуша құрамындағы күрделі органик. қосылыстар құралады. Клетка құрамы күрделенеді, энергия (қуат) жинақталады. А. — катаболдануға (катаболизмге) кері эндоэнерг. процесс. Мұның негізінде түрлі қосылыстар ыдырауынан пайда болған заттардан жаңа заттар түзіледі. А. жануарларда алғашқы жас даму сатысында, ал өсімдіктерде вегетац. көбею кезеңінде өте жақсы жүреді. А. — бейорганик. заттардан органик. қосылыстар құруда яғни фотосинтез процесі кезінде маңызды рөл атқарады.

Анобализмде жасушаға тән емес химиялық заттар өзгеріп, түрге тән заттарға айналады. Катаболизммен бір уақытта өтеді.[1]

Анаболизм — тірі ағзаға тән зат алмасу процесінің (метаболизмнің) қарапайым заттардан қуатты (энергияны) жинақтау арқылы күрделі молекулалы органикалық заттарды түзу кезеңі, яғни ол метаболизмнің катаболизм кезеңіне (күрделі органикалық заттардың қуатты бөлу арқылы өзінің қарапайым құрамына ыңырау процесі ) қарама-қарсы жүретін процесс . Анаболизмнің жержүзіндегі маңызды көрінісі - жасыл өсімдіктер жасушаларында жүретін фотосинтез процесі .[2]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
  2. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9