Аккорд
Аккорд (латынша accordo – үйлесімдік) — биіктігі әр-түрлі бірнеше, үштен кем емес, дыбыстардың бір уақытта қосыла орындалуы. Аккордтың жиі кездесетін түрлерінің арақашықтығы терциялық дыбыстарды құрайды. Олар үш дыбыстық, септаккорд, нонаккорд, тағы басқа болып бөлінеді.[1][2]
Аккорд сонымен қатар интервалдарды қолданатын ноталардың логикалық құрылысы болып табылады. Негізінде аккорд жеке құбылыс емес. Оны ноталар тізбегі арқылы сипаттауға болады, бірақ әрбір таныс және жиі қолданылатын жазбалар тізбегін сипаттау өте ұзақ уақытты алады - қысқа, есте сақтауға оңай пішінді бір немесе бірнеше әріптермен жазуға болады. Сондықтан әрбір аккордтың өзі құрастырылған бірінші нотаның атына байланысты латын әріптерімен жазылған атаулары бар: C, D, E, F, G, A, H (B).[3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 1-том
- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- ↑ Илья Баранов Гитара аккордтарын қалай ойнауға болады. Тексерілді, 18 қараша 2021.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|