Адидже
Көрініс
Адидже, итал. Adige - Солтүстік Италиядағы өзен.
Энталь Альпісінен басталып, Адрия теңізіне құйылады.
Ұзындығы 410 км, алабының ауданы 14,7 мың км².
Венеция ойпаты арқылы өтеді. Изарко өзенінің сағасынан бастап кеме жүзеді (350 км).
Ірі СЭС-тер салынған.
Жағасында Больцано, Тренто, Верона қалалары бар.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998