Автомобиль жолы
Автомобиль жолы — автомобиль көлігінің жүруіне арнап салынған жол.
Автомобиль қозғалысының жиілігіне байланысты техникалық топтастыруға сәйкес aвтомобиль жолы 5 категорияға бөлінеді. I категориялы aвтомобиль жолында автомобиль жылдамдығы сағатына 150 км болса, V категориялы автомобиль жолында жылдамдық сағатына 60 км. Автомобиль жолы бойында жол белгілері, қызмет көрсету ғимараттары (автовокзал, май құю стансалары, мотельдер және басқалары) болады. Біздің елімізде aвтомобиль жолының жалпы мемлекеттік, республикалық, облыс, жергілікті, шаруашылық түрлері бар. Қазақстанда табиғи ресурстар мен ірі экономикалық орталықтар бір-бірінен алшақ болғандықтан жүк көп тасылады, яғни жол-көлік кешенінің жұмысына басқа елдерге қарағанда көбірек тәуелді. Елімізде пайдаланатын aвтомобиль жолдарының ұзындығы 87,337 мың км, соның 17,67 мың км республикалық маңызы бар жолдар (93%-іне асфальт төселген), 69,667 мың км жергілікті жолдар (57%-іне асфальт төселген). Үш мыңнан астам көпірлер мен жол өткелдері бар. Олардың 90%-і темір құйматастан құйылған. Автомобиль жолдары мен жол бойындағы қызмет көрсету ғимараттарының күтімі оны пайдаланушылардың төлейтін төлемдерінен, бензин мен дизель отынын сатудан түскен алымдардан, ақыны мемлекеттік жолдардан жүргені үшін төленетін төлемдерден құралатын жол қоры есебінен жүргізіледі. ҚР-ның жол қоры 5296439 мың теңге (1998).
Қазақстанның басты даңғыл жолдары:
- Алматы-Астана-Қостанай;
- Алматы-Петропавл;
- Алматы-Талдықорған;
- Алматы-Шымкент;
- Қызылорда-Ақтөбе-Орал қала жолдары.
Өзбекстан мен Түркіменстан арқылы Иранның, Түркияның, Пәкістанның теңіз порттарына шығатын халықаралық бағыттардағы автомобиль жолы.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
|