Z3 компьютері
Конрад Цузенің Z3 компьютері — ең алғашқы бағдарламалы, толығымен аутоматикалы есептеу машинасы. Осы есептеу машинасының қасиеттері (шартты тармақтау қасиетімен бірге) компьютердің нақты не екенін анықтау мақсатына қолданылған. Z3 есептеу машинасында 2000 реле болған, тактілік жиілігі ~5–10 һерцке, ал сөз ұзындығы 22 битке тең болған[1]. Есептеулер екілік жылжымалы үтірдің қолданылуымен жүргізілген.
Есептеу машинасы 1941 жылы бітірілді. 1941 жылғы мамырдың 12-сінде ол DVL (Deutsche Versuchsanstalt für Luftfahrt, яғни Алмания авиациялық тәжірибе институты) ғалымдардының алдында көрсетілді.[2] Бұл есептеу машинасы 1944 жылы Берлиннің бомбылауы кезінде қирады. Сақталған жобалар бойынша 1960 жылдары Zuse KG компаниясы жұмыс істейтін сондай екінші машина жасап шығарды, ол қазір Неміс мұражайында сақтаулы тұр. 1998 жылы Z3-тің Түринг талаптарына сай келетіні дәлелденді.
Z3-ті Үшінші Рейхте Алмания авиациялық тәжірибе институты аэродинамикалық есептеулер жүргізу үшін қолданды.[3].
Z3-тің басқа ерте компьютерлермен салыстырылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Цузенің Z3-інің тиімді есептеуіш құрылғы болып шығуының себебі көбінесе онда екілік жүйенің қолданылуымен түсіндіріледі. Сандардың екілік жүйесін содан шамамен 3 ғасыр бұрын Лейбниц ойлап шығарған болатын. Ағылшын математигі Буль кейінірек оны өзінің алгебрасын дамыту үшін қолданды. 1937 жылы Массачусетс технологиялық институтында жұмыс істейтін Клод Шаннон Буль алгебрасын электронды релелермен байланыстыру туралы тың мақала жазды. Соған қарамастан Цузе (ол Шаннонның еңбегі туралы бідмеген болатын) осы ойларды бірге құрастырып, бағдарламамен жұмыс істейтін Z3 есептеу машинасын құрастырды.
«Бағдарламалы» компьютердің алғашқы түрі 1830-шы жылдары Бәббидж ұсынған «аналитикалық машина» болатын.
ENIAC компьютері АҚШ-та Z3-тен 5 жылдан кейін жасалды. ENIAC-та релелердің орнына электронды шамдар қолданылды. Z3-те релелер қолданылды, ал электронды лампылар қолдану туралы ұсынысқа қаржы бөлінбеді. ENIAC-та ондық санақ жүйесі, ал Z3-те екілік санақ жүйесі қолданылды. 1948 жылға дейін ENIAC-ты бағдарламалау үшін оның ішкі құрылымын өзгертіп отыру керек болатын. Ал Z3 бағдарламаларды таспадан оқыды (іс жүзінде — тесіктер жасалған целлулоид таспадан). Бүгінгі компьютерлер электронды лампы немесе релелерге емес, транзисторларға негізделген.
Z3 бағдарламаны сақтау үшін сыртқы таспаға мұқтаж болған. Қазіргі компьютерлердегідей ішкі компьютерлдік жады 1948-1949 жылдары ғана пайда болды. Ал Конрад Цузе сонау 1936 жылы ішкі жадыны патенттемек болған еді, бірақ оның патент талабы қабылданбады.
Үлгі:Early computer characteristics
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Zuse Konrad Der Computer ? Mein Lebenswerk — 3rd ed.. — Berlin: Springer-Verlag, 1993. — P. p. 55. — ISBN ISBN 3-540-56292-3.
- ↑ Technische Universität Berlin - Rechenhilfe für Ingenieure Мұрағатталған 13 ақпанның 2009 жылы., Essay on Zuse (in German) - Technical University of Berlin
- ↑ http://www.crash-it.com/crash/index.php?page=73 Мұрағатталған 18 наурыздың 2008 жылы.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Берлин Техникалық университетіндегі Z3 беті Мұрағатталған 11 ақпанның 2006 жылы.
- Konrad Zuse?s Legacy: Z1 мен Z3 компьютерлерінің архитектурасы (PDF)