Qazaqstan (телеарна)
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы | |
2017 жылғы 28 тамыздағы жаңа логотипі | |
Ел | |
---|---|
Хабар тарату аумағы |
Қазақстан |
Хабар тарату уақыты |
тәулік бойы |
Хабар тарату тілдері | |
Басқару орталығы |
Астана, Қонаев к-сі, 4 (Қазмедиа орталығы) |
Бейне форматы |
SD 16:9 (2012 жылдан бері) |
Арнаның тақырыптамалары |
әмбебап |
Хабар таратуын бастады | |
Аудитория үлесі |
9,71% (3-орын, мамыр 2024, K Research Central Asia[2]) |
Иесі | |
Директоры | |
Бұрынғы атаулары |
Қазақ теледидары (1958-1992)
|
Туыстас арналар |
Qazaqstan International |
Арна дауысы |
Қуат Ахметжанов |
Сайт | |
Қолжетімділік | |
Эфир | |
Қазақстан |
|
Спутник | |
ҚазСат-3 | |
OTAU TV |
|
Кабелдік | |
Алма-ТВ |
4[3] |
Digital TV |
3[4] |
ICON |
|
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы — Қазақстанның басты телеарналарының бірі. 1958 жылы негізі қаланған. «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы құрамына кіреді. 2011 жылғы 1 қыркүйектен бері тек қазақ тілінде хабар таратады. Телеарнаның 14 аймақта және Алматы қаласында филиалы бар.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1958 жылы 8 наурызда Алматы студиясынан алғашқы хабар берілді, желтоқсан айынан күнделікті 5 сағаттық хабар беріле бастады. 1959 жылдың сәуіріне дейін қазақ телевизиясында 333 бағдарлама, 497 кинофильм мен киножурналдар дайындалды. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары қазақ телевизиясы түрлі-түсті бейнеге көшті. Трансляцияның ұзақтығы - 7 сағат, қызметкерлер саны - 412-ге жетті. 11 бас редакция, 4 шығармашылық бірлестік жұмыс істеді. Содан бері телеарнаның техникалық әлеуеті жыл сайын ұлғайып, 1987 жылы телетаратылым бойынша одақтас республикалар арасында төртінші, көркем және деректі фильмдер өндірісі бойынша екінші орынды иеленді. Ал 1994 жылы 4 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы болып құрылды. 2002 жылдан бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы деп аталды.[5]
Бүгінгі таңда телеарнаның техникалық әлеуеті республика аумағының 100 пайызына жуық, көршілес Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Моңғолия және Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданы өңірлеріне хабар таратуға мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ заманауи телетаратылымның барлық талаптарына сай.
Қазіргі таңда Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін салтанатты жиындар, телекөпірлер, спорт түрлерінің ең маңызды матчтары Ұлттық телеарнаның техникалық қолдауы арқылы өткізіледі.
Бүгінгі таңда Ұлттық арна эфирінде әртүрлі жастағы көрермендерге арналған жаңалықтар мен ерекше ток-шоу жанрлары, ойын-сауық және танымдық бағдарламалар, қоғамдық-саяси, экономикалық хабарлар, сондай-ақ, мемлекеттік тілді дамытуға негізделген жобалар көп. Әлемнің түкпір-түкпірін қамтитын тілшілік желі жаңалықтар қызметіне елдегі және төрткүл дүниедегі барлық маңызды оқиғаларды шұғыл түрде жариялап отыр.
Танымдық-тағылымдық, көңілашар ойын-сауық, спорттық бағдарламалары өндірісінде көшбасшы орын алып, ұдайы даму үстіндегі телеарна 2012 жылдың 24 желтоқсанында Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығынан» хабар тарата бастады. HD форматқа толықтай көшкен телеарна медиа кеңістіктегі әлеуетін жыл сайын ұлғайтуда.
Логотиптері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Телеарна өз логотипін тарихында бірнеше мәрте өзгертті.
- 1992-2002 жылдары киіз үйге ұқсас пішіндегі контурдың ішінде "1" саны бар логотип болды. Арна ол кезде "Қазақстан-1" деп аталды. Логотип оң жақ жоғарғы бұрышта орналасты.
- 2002-2003 жылдары логотипте Қазақстанның мемлекеттік туындағы жан-жағына шапағы тарайтын күннің жартысы бейнеленді, оның сол жақ шетінде елдің контуры көрсетілген глобус болды. Астында "ҚАЗАҚСТАН" деген сөз жазулы тұрды. Логотип оң жақ төменгі бұрышта орналасты.
- 2003 жылдан 2006 жылдың 3 қыркүйегіне дейін арнаның логотипінде ежелгі түркі дәуіріне тән қолына ту ұстаған салт атты адам петроглифі бейнеленді, астыңғы жағында петроглифтегі жазуларға ұқсас үлгіде "ҚАЗАҚСТАН" сөзі жазылып тұрды. Эфир кезінде оң жақ жоғарғы бұрышта "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу ғана болды.
- 2006 жылдың 4 қыркүйегінен 2012 жылдың 23 желтоқсанына дейін ұлттық нақыштағы қошқар мүйіз оюы бар көк-сары түсті шеңберлі логотип болды. Астыңғы жағында "ҚАЗАҚСТАН" жазуы болды. Алғашқы 1 жылдай логотип түссіз болып, 10 секунд сайын көк-сары логотипке ауысып отырды.
- 2012 жылдың 24 желтоқсанынан 2014 жылдың 29 маусымына дейінгі логотип алдыңғы логотипке ұқсас болды, мұнда тек шеңбердің сыртында сақинасы болды.
- 2014 жылдың 30 маусымынан 2015 жылдың 4 қыркүйегіне дейін мемлекеттік тудың қиындысына ұқсас ішінде "ҚАЗАҚСТАН" деген жазуы бар көк-сары түсті жолақ бейнеленді.
- 2015 жылдың 5 қыркүйегінен 2017 жылдың 27 тамызына дейін алдыңғы логотипке ұқсас көгілдір-сары жолақ болды. Бұл логотип әр 10 секунд сайын жылтырап тұрды.
- 2017 жылы 28 тамызда медиақұрылымның атауы латын қарпіне көшірілді. Жаңа логотипте сол жағында "QAZAQSTAN" деген жазуы бар екі жағы жұмырланған көгілдір-сары шаршы бейнеленген. Корпорацияның өңірлердегі отаулары да өзгеріссіз қалмады. Филиалдар төл, тарихи жер атауларымен аталды. Сонымен қатар кей облыстық телеарналар қазақша атауларға алмастырылды. Мысалы, Қазақстан-Петропавл – «QYZYLJAR», Қазақстан-Павлодар – «ERTIS» және Қазақстан-Орал – «AQJAIYQ», Қазақстан-Өскемен – «ALTAI» болып өзгертілді.
-
«Қазақстан-1» телеарнасының 1992-2002 жылдардағы логотипі.
-
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының 2002-2003 жылдардағы логотипі.
-
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының 2003-2006 жылдардағы логотипі.
-
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының 2006-2012 жылдардағы логотипі.
-
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының 2012-2014 жылдардағы логотипі.
-
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының 2014-2015 жылдардағы логотипі.
-
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының 2015-2017 жылдардағы логотипі.
-
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының 2017 жылғы жаңа логотипі.
Арна жүргізушілері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Альбина Әшім (Ақпарат бағдарламасы)
- Шерхан Жамбылұлы (Ақпарат бағдарламасы)
- Армангүл Тоқтамұрат (Ақпарат бағдарламасы)
- Дархан Рахымжан (Ақпарат бағдарламасы)
- Қаракөз Тұрмағанбет (Ақпарат бағдарламасы)
- Ләйлә Дулатқызы/Қазиақпар (Ақпарат/Жақсылық жаса бағдарламасы)
- Ерқанат Көпжасарұлы (Ашық алаң бағдарламасы)
- Назым Жанғазы (Ашық алаң бағдарламасы)
- Жайна Сламбек (Апта бағдарламасы)
- Ақерке Бектас (Ақорда бағдарламасы)
- Бексұлтан Әкімжан (Таңшолпан бағдарламасы)
- Мөлдір Әбдірайым (Таңшолпан бағдарламасы)
- Ардақ Қасымхан (Таңшолпан бағдарламасы)
- Алла Гаврина (Таңшолпан бағдарламасы)
- Ирина Тен (Таңшолпан бағдарламасы)
- Бексұлтан Әкімжан (Таңшолпан бағдарламасы)
- Гүлнұр Оразымбетова (Таңшолпан бағдарламасы)
- Арай Әлімхан (1001 түн бағдарламасы)
- Ғалымжан Кеңшілік (1001 түн бағдарламасы)
- Әйгерім Есенәлі (Тату-тәтті жобасы)
- Рахман Омар (Қызық екен бағдарламасы)
- Гүлжазира Берікқызы (Теледәрігер бағдарламасы)
- Дархан Әбдік (Парасат майданы бағдарламасы)
- Нұрбек Матжани (Әлем және біз бағдарламасы)
- Ерке Мұса (Ақсауыт бағдарламасы)
- Ирина Советжанқызы (Қос палата бағдарламасы)[6]
Бағдарламалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Таңшолпан» таңғы ақпаратты-сазды бағдарламасы
- «Ақпарат» жаңалықтар қызметі
- «Ашық алаң» қоғамдық-саяси ток-шоуы
- «Апта» сараптамалық бағдарламасы
- «Тату-тәтті» реалити жобасы
- Ақорда
- 1001 түн
- Қызық екен
- Әлем және біз
- Жақсылық жаса
- Ақсауыт
- Теледәрігер
- Қос палата
- Аңсаған сәби
- Шаңырақ
- Парасат майданы
- Атамекен[7]
Мұрағат
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Нартәуекел
- Өмір көркем
- Өзекті
- Бірегей
- Жарқын жүздесу
- Қымбат жандар
- Жайдарман
- Менің Қазақстаным
- Нұр Тілеу (2019-2021)
- Мәселе (2017-2022)
- Келбет
- Айтуға оңай.../Қарекет (2012-2019)
- Шаңырақ
- Түнгі студия (2013-2019)
- Дара жол
- Қылмыс пен жаза
- Әзілman
- Бақытты әйел
- Елден хабар
- Сенбілік таң
- Жанында жүр жақсы адам
- Жан жылуы
- Әйел бақыты (2013-2017)
- Шетелдегі қазақ балалары
Үздік бағдарламалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Әйел бақыты»
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Әйел бақыты» — 2013-2017 жылдары Ләйлә Сұлтанқызы жүргізген бағдарлама. Жоба өмірдің қиын кезеңдерінде жолбасшы-серік болып, әйелдерге ақыл-кеңес беруді көздеді.
«Мәселе»
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Мәселе» (Másele) телебағдарламасы – көрерменнің көкейінде жүрген көптеген сұрақтардың жауабын боямасыз, бұқпасыз, дәлелді сюжеттермен табуға тырысады. Елді не алаңдатса, сол дүние дереу, терең танымдық тұрғыда жарық көреді. Халықтың қордаланған мәселесін эфир барысында шешіп беруге тырысады және қарапайым халыққа түйткілді тақырыптардың шешімін оңтайлы табудың жолдарын нұсқайды. Бағдарламаны журналист Нартай Аралбайұлы жүргізіп, 2017-2022 жылдары арнада көрсетілді.
«Qazaqstan дауысы»
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Qazaqstan дауысы» – 2013 жылдан бері «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында көрсетілетін халықаралық «The Voice» телешоуының қазақстандық нұсқасы. Жобаның басты ерекшелігі – қатысушылар вокалдық қабілеттеріне қарай таңдалады. Төрт тәлімгер өз шәкірттерін таңдап, оларды жеңіске жетелеу үшін барын салады, өз тәжірибелерімен бөліседі.
«Айтуға оңай...»
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Айтуға оңай...» ток-шоуы – көпшіліктің көңілінен шыққан Ұлттық арнаның әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының бірі. Тележоба 2012-2017 жылдар аралығында эфирге шықты, кейін 2017-2019 жылдары «Qareket» деп аталды. Бағдарламаны танымал журналист Бейсен Құранбек жүргізді.
«Түнгі студия» («Túngi studio») – «Qazaqstan» телеарнасында 2013-2019 жылдары шыққан танымал тележобаларының бірі. Бағдарлама жүргізушісі – қазақстандық продюсер, тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев (кейін актер Қайрат Әділгерей) болды. АҚШ-тың Late Night Show, Ұлыбританиялық The Graham Norton Show және Ресейдің Вечерний Ургант жобаларының желісінде эфирге шықты. Бағдарламада арнайы қонақ шақырылып, олармен еркін тақырыпта әзіл-қалжыңға толы әңгіме өрбиді. Жоба 2022 жылы қайта эфирге шығып, «Jibek Joly» арнасынан көрсетіле бастады.
Екі жұлдыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Екі жұлдыз» – «Қазақстан» ұлттық телеарнасында 2007-2011 жылдары, кейін ұзақ жылдардан соң 2019 жылы көрсетілген шоу бағдарлама. Жобаның мақсаты алуан түрлі салада белгілі болған тұлғаларға ән айтқызу. Жоба жарыс түрінде жүрді, әр жұптың бір мүшесі кәсіби әнші болуы міндетті.
«Егіз лебіз»
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Егіз лебіз» – 2020 жылдан бері шығып келе жатқан музыкалық жоба. Телешоуда кәсіби вокалистер мен өзге саланың өкілдері бірге ән айтып, жұп болып жарысады. Барлық музыкалық шығарылым жанды дауыспен орындалады. Әр кезең сайын қазылардың ұпайы мен көрермен берген дауыс қосындысы бойынша аз көрсеткіш алған бір жұп жобадан шығады. Финалда 3 жұп бақ сынайды.
Танымал телехикаялары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Драма
- Әскери ант
- Бүркітші қыз
- Жат бауыр/Жат бауыр 2
- Ауыл мұғалімі/Ауыл мұғалімі 2
- Құдаша қыз
- Сезім толқыны/Сезім толқыны 2
- Бақыттың кілті/Бақыттың кілті 2
- Күйеу бала
- Біздің сынып
- Ақжауын
- Таңшолпан
- Қазбат
- 47 баланың анасы
- Абысындар
- Анашым, мені қалдырма
- Жаңа қоныс
- Жанталас
- Қызғалдақ
- Таңшолпан
- Замандастар
- Аяла
- Қыздар
- Сұңқар
- Сырғалым
- Тарихи телехикаялар
- Міржақып. Оян, қазақ!
- Кейкі мерген
- Орбұлақ шайқасы
- Қорқыт
- Әлкей. Ғұлама ғұмыр
- Мағжан. Мен жастарға сенемін!
- Дина. Күй құдірет
- Ахмет. Ұлт ұстазы
- Қаныш. Қазына
- Сарай сыры
- Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін
- Домалақ ана
- Абай
- Әл-Фараби[8]
Аймақтық филиалдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]№ | Филиал атауы | Телеарна
атауы |
Ашылған
жылы |
Филиал директоры |
---|---|---|---|---|
1 | Абай облыстық филиалы | 1965 | Хасен Молдабаев | |
2 | Ақмола облыстық филиалы | 1999 | Берік Әбділманов | |
3 | Ақтөбе облыстық филиалы | 1960 | Ғани Жәпішов | |
4 | Алматы қаласындағы филиалы | — | 2011 | Сәуле Жиреншина |
5 | Атырау облыстық филиалы | 1990 | Талғат Өтеғұлов | |
6 | Батыс Қазақстан облыстық филиалы | 1964 | Клара Қамбетова | |
7 | Жамбыл облыстық филиалы | 1989 | Гүлбаршын Құланбаева | |
8 | Қарағанды облыстық филиалы | 1958 | Берік Дүйсетаев | |
9 | Қостанай облыстық филиалы | 1991 | Ербол Ипбергенов | |
10 | Қызылорда облыстық филиалы | 1991 | Нұрбек Әмиша | |
11 | Маңғыстау облыстық филиалы | 1970 | Әнуарбек Бимағамбет | |
12 | Павлодар облыстық филиалы | 1965 | Гүлнаш Әбішева | |
13 | Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы | 1960 | Разия Ыдырысбаева | |
14 | Шығыс Қазақстан облыстық филиалы | 1958 | Берік Көшербаев | |
15 | Шымкент қалалық филиалы | 1990 | Саламат Омаш |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ http://old2.kaztrk.kz/kaz/telekanal/o-telekanale/#go
- ↑ K Research. Телевидение
- ↑ http://www.almatv.kz/almaty/services/digitaltv/channels/
- ↑ http://www.dtv.kz/ru/home/tv/list/
- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- ↑ ”Qazaqstan" телеарнасының жүргізушілері
- ↑ Бағдарламалар кестесі
- ↑ Телехикаялар
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының ресми сайты
- «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының онлайн көрсетілімі
- «Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы» (YouTube)
- «Таңшолпан бағдарламасы» (YouTube)
- «Aqparat / Ақпарат» (YouTube)
- «Qazaqstan Qogam / Қазақстан Қоғам» (YouTube)
- Qazaqstan.tv Ұлттық телеарнасы (Instagram)
- Таңшолпан бағдарламасы (Instagram)
- «Qazaqstan» телеарнасы (TikTok)
- «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы (Facebook)
- Qazaqstan.tv (Telegram)
- Qazaqstan Ұлттық телеарнасы (ВКонтакте)
- Qazaqstan TV (X)
- «Қазақстан» РТРК мен «Қазақстан» арнасы Интернет мұрағатында: kazakstan.kz сайты (2007-2009 жылдар), kaztrk.kz сайты (2009-2019 жылдар)
- «Қазақстан» арнасы Интернет мұрағатында: kaztv.kaztrk.kz сайты (2014-2017 жылдар)
|
|