Мазмұнға өту

Philips

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Koninklijke Philips Electronics N.V. (Филипс, ағылш. Royal Philips Electronics) – электроника, медициналық құрал жабдықтар және жарық техникасы саласында жұмыс істейтін, ірі халықаралық концерн. Әлемдегі ең ірі электроника компаниясы. 2010 жылғы сатылымы 25,42 млрд еуроны құраған. Филипс Philips Consumer Lifestyle, Philips Lighting және Philips Healthcare секторлары бойынша жұмыс атқарады.[1]

Құрылу тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Амстердамдағы штаб-пәтері

«Филипс» концернің негізі 1891 жылы құрылған. Негізін ағайынды инженерлер Герард және Антон Филипстер салған. Олар Эйндховен қаласында шағын электрлі шам шығаратын фабрикасын ашқан. Алғашқыда фабрикада 10 адам жұмыс істеп күніне 100-200 шамнан шығарып отырған. Бірнеше жылдан кейін «Филипс глуйлампенфабрикен НФ» («Филипстің электрлі шам шығаратын зауоды») елге кеңінен танылып, 1916 жылы Нидерландықтардың королевасы Уильгельмина Филипс кәсіпорнына корольдік деген атақ беріп, алдына «Конинклек» сөзін қосқан. 1999 жылдары Нидерланд жерінде ағайындар «20 ғасырдың ең үздік кәсіпкерлер» деген атаққа ие болады.

1898 жылы Антон Филипс Санкт-Петербургке барып, сатылымдар жайлы келісімдер жасасқан. «Филипс» маркасының өнімдері көп мөлшерде КСРО-ға әкелініп отырған.

1963 жылы Philips алғашқы компактты аудио кассетасын жасап шығарған.

1971 жылға жейін компанияны Филипс әулетінің мүшелері басқарған. Соңғысы Фриц Филипс (Антонның ұлы) болған. Компания басшылығын қолына 25 жасында алған. Соғыстан кейінгі жылдары ол компанияны әлемдегі алдыңғы қатарлы компаниялар тізіміне қосады. Фриц Филипс 2005 жылы 100 жасқа келіп, қайтыс болады. Қазіргі кезде компанияға Герард Клейстерле басшылық етуде, жақын арада штаб пәтері Эйндховен қаласына Амстердамға ауысқан болатын. 1983 жылы Sony компаниясымен бірігіп нарыққа компакт-диск шығарады. 1990 жылдары Philips компаниясы өзінің DVD форматын шығарады.

Қазіргі Концерн

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Электрлі ұстара Philips

Қазіргі таңды концерн Еуропадағы ең ірі тұрмыстық электроника өндірушісі болып табылады. «Филипс» шамдарды, радио қабылдағыштар, электрлі ұстаралар, магнитофондар, телевизорлар, компьютерлер, лазерлі дисктер, медициналық техниканы, ұялы телефондарды, TDA SAA SAB микро сұлбалар серияларын және т.б. заттарды шығарады. Концерннің кәсіпорындары 60 елде орналасқан, оларда 120 мыңнан астам қызметкерлер жұмыс істейді. 2005 жылы ғана «Филипс» Еуропада 2404 патент және Тайванда 874 патентке ие болған, «Самсунг» немесе «Сониға» қарағанда екі есе көп. 83 жыл өткен соң Philips азиат өндірушілеріне төтеп бере алмай, телевизор шығарудан бас тартады. 2011 жылдың бірінші маусымында Philips телевизор өндірісіне 87 млн еуро жаратқан.

Philips басшылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Филипстің басқару құрылымы екі деңгейден тұрады. Олар: Директорлар кеңесі және директорлар кеңесі жұмысын бақылайтын Бақылау кеңесі.

Директорлар кеңесі Philips компаниясының басшылық қызметін Президент/Бас директор төрағалық еткен Директорлар кеңесі атқарады. Кеңес ең азы үш мүшеден тұрады (қазіргі таңда алты мүшесі бар). Директорлар кеңесі мүшелері ұжымдық құқықтар мен қызметтерге ие. Олар жалпы компания қызметіне, стратегиялардың орындалуына, алға қойған мақсаттарына жетуіне жауап береді.

Ұжымдық комитет басшылығы Ұжымдық комитет басшылығы Директорлар кеңесі мүшелерінен, бизнес бөлімшелерінің басшылығынан және негізгі менеджерлерден тұрады. Комитет мүшелері Бақылау кеңесімен таңдалады. Комитеттің басты мақсаты бизнес стандарттардың сақталуын бақылау.

Бақылау кеңесі Бақылау кеңесі атқарушы басшылықтың (директорлар кеңесі) саясатына, Компания істерінің жалпы жағдайына қадағалау жүргізеді.

Philips медицина саласындағы қызметі 1918 жылы басталған. Компания алғаш рет медициналық рентген түтігін ұсынған. Ал 1933 жылдары компания Еуропа және АҚШ елдерінде медициналық рентген құрылғыларын өндіріп шығарған. Қазіргі таңда Philips медициналық шешімдер нарығында алдыңғы қатарлы үш компаниялардың бірі. Қазіргі қызметін бес бағытқа бөліп көрсетуге болады: «Көрсету жүйелері», «Медициналық информатика және клиникалық жүйе», «Сервистік қызмет көрсету», «Үй жағдайындағы медициналық шешімдер» және «жарықтық мәселелер».

Philips Lighting нарықтағы өз қызметін 117 жыл бұрын электрлі шам шығаратын шағын ғана фабрикадан бастаған. 1898 жылы ол Ресей нарығына 50 000 шам тапсырысына келісім жасасып кірген. Нәтижесінде осы шамдар Эрмитажды жарықтандырған. Қазіргі кезде Филипс осы бағытқа байланысты мына заттарды өндіріеді: • Шам – 44% • Жарықтық диодты компоненттер мен модульдер – 5% • Үйге арналған шырақтар – 6% • Кәсіптік шырақтар – 17% • Автомобильдерге және белгілі орындарға арналған шамдар – 14% • Желілі электроника – 14%

Philips Consumer Lifestyle (тұрмыстық тауарлар)[4]

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2008 жылдың 1 қаңтарында «Тұрмыстық электроника» және «Тұрмыстық техника» бөлімшелерінің қосылуынан құрылған, жаңа Philips Consumer Lifestyle секторы ашылады. Қазіргі кезде бұл сектор мынадай салаларды біріктіріп отыр: • Тұрмыстық электроника – 38,7% • Медициналық шешімдер – 24,1% • Тұрмыстық техника – 11,1% • I&EB + GMS – 3,4% • Желілік шешімдер – 22,7%

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

philips.com

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://en.wikipedia.org/wiki/Philips
  2. Philips Денсаулық сақтау
  3. Philips «Желілік шешімдер»(қолжетпейтін сілтеме)
  4. http://www.consumer.philips.com/consumer/consumer_landing_page.jsp?language=ru&country=RU&catalogType=CONSUMER(қолжетпейтін сілтеме)