British Petroleum
BP plc | |
Түрі | |
---|---|
Биржадағы листингі | |
Қызметі |
Қызмет станциялары |
Компанияның ұраны |
Бейонд петролеум |
Құрылды |
1909 (Ағылшын-Ирандық мұнай компаниясы) |
Орналасуы | |
Басты адамдары |
Карл-Генрих Сванберг (Төраға) |
Саласы |
Мұнай және газ |
Өнімі | |
Меншікті капиталы |
▲ АҚШ$ 111.46 миллиард (2011)[2] |
Айналым |
▲ АҚШ$ 386.46 миллиард (2011)[2] |
Операциялық кірісі |
▲ АҚШ$ 39.81 миллиард (2011)[2] |
Таза табыс |
▲ АҚШ$ 25.70 миллиард (2011)[2] |
Активтер |
▲ АҚШ$ 290.92 миллиард (2011)[2] |
Қызметкерлер саны |
79,700 (2011)[2] |
Аудитор | |
Сайты |
Brіtіsh Petroleum — мұнай, газ көздерін барлау және оларды өндіру, өңдеумен шұғылданатын трансұлттық компания. Компанияның негізін Британ алпауыты Уильям Нокс Де Арси қалаған.
Ол 1901 жылы Иран шаһымен келіссөз жүргізіп, шаһтың қол астына қарайтын аймақтан мұнай көздерін табу үшін барлау жұмыстарын жүргізуге рұқсат алады. Табанды жүргізілген барлау жұмыстарының нәтижесінде Иранның оңт.-батысынан мұнай көзін тапқан (1908) У.Нокс 1909 жылы Бурмакс Ойл компаниясымен біріге отырып, Ағылшын — Парсы мұнай компаниясын құрды.
1927 жылы Иракта, 1938 жылы Кувейтте ірі мұнай көздерінің табылуы компанияға кең көлемде табыс кіргізді. 1935 жылы компанияның атауы Ағылшын — Иран мұнай компаниясы болып өзгертілді. Барған сайын компанияның табысты өркендей түскен жұмысынан секемденген Мұхаммед Моссадық басқарған Иран үкіметі 1951 жылы компания қарамағындағы мұнай көздерін тікелей өз бақылауына алады. Осының салдарынан компания біраз уақыт (3 жыл) Ирандағы жұмысын тоқтата тұруға мәжбүр болды. Бірақ, көп ұзамай-ақ Иранда болған мемлекеттік төңкерістің (1953) нәтижесінде компания өз жұмысын қайта жандандыруға мүмкіндік алды. 1954 жылы компания “British Petroleum Company” деп аталды.
1969 жылы Аляскада, 1970 жылы Солтүстік теңізде, 1994 жылы Колумбияда мұнай мен табиғи газдың мол қорының табылуы нәтижесінде “Бритиш Петролеум” әлемдегі ірі компаниялардың біріне айналды. British Petroleum негізінен Латын Америкасы, Солтүстік Америка, Солтүстік т., Солтүстік Африка, Оңтүстік Шығыс және Орталық Азияда мұнай мен газ көздеріне барлау жүргізеді. Сондай-ақ, компанияның иелігінде әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан көптеген мұнай өңдеу зауыттары бар. Олардың өнімдерін 100-ден астам елге шығарады. British Petroleum Солтүстік Аляскадан Оңтүстік Аляскадағы Валдез портына мұнай жеткізетін Транс-Аляска мұнай құбыры акциясының да тең жартысына ие.
British Petroleum дүниежүзлік нарықтағы өз орнын сенімді ұстап тұру үшін ішкі құрылымын үнемі жетілдіріп, қайта құрып отырады. Мысалы, оған компанияның әлуетін арттыру мақсатында әлемнің басқа да компанияларымен бірлескен кәсіпорындар (1988 ж. “Амокомен”, АҚШ), альянс (“Статойл”, Норвегия), т.б. құруын айтуға болады. “Бритиш Петролеум” компаниясының мұндай стратегиялық бағыттары, әсіресе, Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан мемлекетттері мұнай-газ ресурстарын игеру барысында өрістей түсті. 1993 жылдан “Бритиш Петролеум/Статойл” альянсы “Қазақстанкаспийшельф” консорциумы құрамында Каспий теңізі қайраңында кешенді зерттеу және Қашаған кенінің қорын бағалау жұмыстарын жүргізді. “Бритиш Петролеум” өзінің болашақ басым бағыттарының бірін Каспий қайраңының мұнай-газ кенімен тығыз байланыста қарайды. [3]