Мазмұнға өту

Әуе шары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Монгольфьер

Әуе шары — ауадан жеңіл ұшу аппараты, газ қабықшаларында жасалған көтергіш күшті ұшу үшін пайдаланатын ( немесе қыздырылған ауаны) тығыздылығы қоршаған ортаның тығыздылығынан әлдеқайда төмен болып келеді ( Архимед заңы бойынша).

Ыстық ауа суық ауадан жеңіл. Күннің ыстығында ауаның ағыны жоғары көтеріліп жатқанын көруге еболады, мысалы, күнге қызып кеткен асфальттың үстінен. Қыздырылған ауаның әсерімен аспанға көтерілуді ең бірінші Португалияда тұрған бразиялық Бартолемео де Гусман ойлапты.

Ол 1709 жылы ұшатын аппараттың үлгісін жасаған – астына шоқ салынған ыдыс ілінген шағын шар. Шар жердің бетінен 4 метрге көтерілген. Іс жүзінде әуееде ұшудың пайда болуына ағайынды француздар Жак Этьен мен Жозеф Мишель Монголфьелердің еңбегі сінді. Ағайындылардың алғашқы шарлары текше пішіндес болған. Олар тәжірбие жасауды 1780 жылы бастап, бір жылдан соң Аннон қалашығындағы базарда диамтері 10 мертлік шарды көрсетті. Ресми деректер бойынша, сол күні шар 500 м биіктікке көтеріліп, ауада 10 минут бойы тұрып, 2 шақырымдық қашықтықты ұшып өткен.

Алғашқы авиациялық рекордтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қыркүйек айында ағайындылар Франция королі XVI Людовикке Версальда жаңа шарды көрсетті. Сол жолғы ұшуда аппараттың «пайдалы жүгі» қой, тауық және үйрек – тарихтағы бірінші әуе жолаушылары болды. Француз физигі Жан Франсуы Пилатр де Розье және маркиз д’Арланд 1783 жылы 21 қарашада Парижде әуе шарымен бірінші болып ұшты. Ыдыстарда қыздырылған әртүрлі ауаның есебінен көтерілетін шарлар монгольфьер деп аталып кетті.

Ағайынды Монголфьелередің отандасы Жак Шарль әуе шарының қабығын ауадан гөрі жеңіл газбен толтыруды ұсынды. Қабығы сутекпен толтырылған әуе шарымене Шарль 1783 жылы 27 тамызда бірінші рет ұшты. Алайда “шарьере” атауы қалыптаспай қалды, бірақ ауадан жееңіл газы бар аэростаттар бірте – бірте монголфьерлердің орнын басты. Мұндай аэростаттарда жұмыс газы ретеінде есутекті, гелийді, неонды пайдаланды. Әуе шарлары әлемдегі көзі қарақты елдердің назарын аударды.

Әуе шарлар фестивалі

Әуе шарларының алғашқы қолдану аясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ресейде, нақты айтқанда Мәскеу мен Петербургте әуе шарымен бірінші ұшуды 1803 жылы француз Ж.Гарнен жүзеге асырды. Алғашқы әуе шарлары негізінене көңіл көтереуге епайдаланылды. Дегенмен оларды ғылыми зерттеулереге: әртүрлі атмосфералық құбылыстарды зерттеуге тез арада қолдана бастады. 1849 жылы Италиямен соғыс кезінде австриялықтар бірінші рет әуе шарынан шағын бомбаларды тастады. Әскерилер әуе шарын барлау мен бақылау құралы ретінде жоғары бағалады. Қыздырылған ауаны пайдаланатын әуе шарының елеуелі кемшілігі бар – шарға байланған себетке отын қорын салып жүру қажет. XIX ғ. соңына қарай мұндай шарлар мүлде дерлік қолданылмады. Жылумен ұшатын әуе шарларының екінші өмірі XX ғ. аяғында басталды.

Қызықты деректер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бүгінде әлеменің көптеген қалаларында әуе шарларымен туристерді серуендетеді, әуе ешарларының фестивальдеері өткізіледі. Ресеейде еәуе шарларының фестивальдері Великие Лукиде, Оралда, Переславль–Залесскийде өтіп тұрады.[1]

Ыстық ауамен ұшатын әуе шарының ішіндегі пештен шығып жатқан от

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Техника, "Балалар энциклопедиясы Росмэн", Мәскеу 2012, ISBN 978-5-353-06042-0, УДК 087.5,ББК 92
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Balloon

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]