Мазмұнға өту

Әлім

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

“Әлім”дастан. Авторы Досымхан Төлебайұлы туралы еш дерек жоқ. Он бір буынды қара өлең үлгісімен жазылған дастан екі жастың махаббатына арналған. Шығарма оқиғасы ақ пен қызыл боп шайқасқан азамат соғысы кезінде болады да, Баттал деген байдың қызы Рәзия мен кедей баласы Әлім арасындағы махаббат иірімдері арқылы өрбиді. Дастан Баттал байдың опасыздығы салдарынан болған екі жастың өлімімен аянышты аяқталады. Жыр идеясы — сүйгеніне қосыла алмаған қыз тағдыры арқылы әйел теңдігі мәселесін көтерген. Дастан толық емес, бұрын еш жерде жарияланбаған. Түпнұсқасы Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясының ОҒК қорында сақтаулы.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6