Мазмұнға өту

Ұйғын

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ұйғын, шын аты-жөні- Рахматулла Атакузиев (1905 ж.т.) - өзбек ақыны, драматург. Өзбекстан Республикасының халық ақыны, Социалистік Еңбек Ері. Оның «Жеңіс жырлары», «Ашу-ыза мен махаббат», «Өзбекстан» өлеңдер жинақтары мен «Әлішер Науаи», «Екі дәуір», «Әбу Райхан Бируни», «Әбу Әли ибн Сина», «Азаттық», «Достар» пьесалары өзбек оқырмандары мен көрермендеріне жақсы таныс. Ол Абай шығармаларын Өзбекстанда таныстыру ісінде айтарлықтай еңбек етті. 1945 ж. ақынның Ташкенттегі «Уздавнашр» баспасынан жарық керген жинағына енген өлеңдері мен «Масқұт» дастанын аударысқан. Ұ. аудармалары ақынның өзбек тілінде баспадан шыққан 1961, 1970 ж. жинақтарына да енгізілген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9