Үбі (өзен)
Көрініс
Үбі өзені | |
---|---|
Үбі өзені | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 278 км |
Су алабының ауданы |
9850 км² |
Су алабы | Ертіс өзені |
Су ағысы | |
Бастауы | Көксу және Иванов жоталары сілемдерінің бөктері |
• Координаттары | 50°34′42″ с. е. 83°39′06″ ш. б. / 50.57833° с. е. 83.65167° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Ертіс өзені |
• Координаттары | 50°16′42″ с. е. 81°41′31″ ш. б. / 50.27833° с. е. 81.69194° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°16′42″ с. е. 81°41′31″ ш. б. / 50.27833° с. е. 81.69194° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Шығыс Қазақстан облысы |
Үбі – Жоғарғы Ертіс алабындағы өзен. Ұзындығы — 278 км. Су жиналатын алабы — 9850 км².
Бастауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шығыс Қазақстан облысы ндағы Көксу және Иванов жоталары сілемдері бөктерінен басталып, Ертіс өзеніне құяды.
Гидрологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қара Үбі мен Ақ Үбі өзендерінің бір-біріне қосылған жерінен «Үбі» деп аталады. Өзен алабы таулы-төбелі (1000–1500 м), аңғары тар шатқалды, ені — 200–300 м. Жазда еріген көп жылдық қар, мұздық (48%), ыза суымен (36%), жаңбыр суымен (16%) толығады. Жылдық су ағынының 79%-ы сәуір–шілдеде, 15%-ы қыркүйек–қарашада, 6%-ы желтоқсан–наурызда арнасынан ағып өтеді. Жылдық орташа су ағымы Шемонаиха қаласы тұсында — 182 м³/с. Суы тұщы. Бойында шағын СЭС бар, суы егіс суаруға, ағаш ағызуға пайдаланылады[1].