Қарақұмық
Қарақұмық | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||
15-16 түрі белгілі |
Қарақұмық[1] (лат. Fagopyrum) – тарандар тұқымдасына жататын бір жылдық, кейде көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Ботаникалық сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Биіктігі 15-70 см, сабағы тік, көп бұтақталған.
- Жүрек тәрізді жапырағы кезектесіп орналасқан.
- Ақ не қызғылт түсті гүлдері жапырақ қолтығынан жетіледі. Шілде айында гүлдеп, тамызда жемісі піседі.
Құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қарақұмық - жарма дақылдары ішіндегі маңыздылардың бірі. Оның жармасы диеталық, дәмді тамақ, дәнінде 9% белок, 70%-дай крахмал және 1,6% май, сондай-ақ дәрумендер (В/1, В/2), минералды тұздар (темір, фосфорлы кальций) да болады.
Қасиеттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қарақұмық - жылу және ылғал сүйгіш дақыл, топырақ температурасы 12-15°С болғанда көктеп шығады.
Қарақұмық - суыққа төзімсіз өсімдік. Оның көгі 1-2°С суықтың өзінде үсікке шалдығады. Ал өсімдік гүлдеген кезде температура 30°С-тан жоғары, ылғал жеткіліксіз болса, онда оның түйіні қурап, дәні түсіп қалады.
Қарақұмық топырақ таңдайды. Ол көбінесе қара және қызғылт қоңыр топырақта жақсы өсіп, мол өнім береді, сондықтан топырақ қышқылдығы рН 5-6,5 болу керек.
Таралу аймақтары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия жерлерінің қоңыржай және субторпикалық аймақтарында өсетін 26 түрі бар.
Қазақстанда қарақұмық негізінен солтүстік облыстарда, әсіресе, Павлодар, Орталық және Шығыс Қазақстан облыстарында егіледі.
Өсіп-өнуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстан бойынша егіс аумағы 218 мың га, өнімділігі әр га-дан 9,7 ц. Қарақұмықтың ерте пісетін сорттарының өсу мерзімі қысқа (50-60 күн), сондықтан оны аралық дақыл ретінде пайдалануға болады.
Қарақұмықты СЗС-2,1 тұқым сепкіштерімен кәдімгі жай қатарлық (қатар аралығы 23 см) әдіспен себеді. Кейінгі кезде кең қатарлы (қатар аралығы 45 см) әдіс қолданылады. Соңғы әдісте қарақұмықтан жоғар өнім алуға болатыны анықталып отыр. Сондай-ақ міндетті түрде қарақұмық егісінің әр га-сына гүлдеуіне 2-3 тәулік қалғанда бал арасының 2-3 ұясын әкеліп қою керек. Ол өсімдікті тозаңдандырып, қарақұмықтың өнімін әр га-сынан 3-4 ц арттыруға көмектеседі.
Егін жинау қарақұмық дәнінің 70-75%-ы қоңырланған кезінде басталады.
Қарақұмық шірнелі өсімдіктерге жатады. Бал аралары оның әр га-сынан 50-60 кг, ал қолайлы жағдайда 100 кг-ға дейін бал жинайды. Күздік бидай үсіп кеткен жылдары қарақұмықты сақтық дақыл ретінде пайдаланады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5