Мазмұнға өту

Қарақтұмсық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қарақтұмсық

Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Дегелектәрізділер
Тұқымдасы: Құтандар
Тегі: Қарақтұмсық
Матюрен Жак Бриссон, 1760
Түрі: C. cochlearius
Екі-есімді атауы
Cochlearius cochlearius
Linnaeus, 1766

Қарақтұмсық (лат. Cochlearius) - Дегелектәрізділер отрядының Құтандар тұқымдасының тегі. Текте 5 түрді біріктіретін 2 тек тармағы бар.

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ірі денелі (0,4-2 кг, қанатының алымы - 1,5 м шамасында), негізінде қошқыл реңді құстар. Қысқарақ қуатты тұмсығының ұшында ілмегі бар. Аяғы қысқа. Құйрығы дөңгелектене біткен, құйрық орталығындағы қауырсындары көбінесе ұзындау болып, құйрық қиындысынан шығыңқы тұрады.

Ұя жасамайды, 2 жұмыртқаны өсімдіктер аралығындағы жерге тікелей салады. Ата-енесі 4 аптаға жуық басады, бұдан соң балапандары қанаттанып ұшқанда 2 айға жуық қоректендіреді. Әдетте бір ғана балапан тірі қалады. Балапандар 3-6 жылда жыныстық жағынан жетіледі. Алуан түрлі азықпен- ждектерден бастап, ұсақ омыртқалы жануарларға дейін жейді. Өзге құстардың олжасын олжалауға бейімділігі өте дамыған. Қазақстанда құрақтұқымдастардың бір ғана туысынан екі түрі байқалған[2]

Екі жартышардың жоғары еңдіктерінде орын тепкен, дегенмен жылыстау кезінде тіпті экватор ауданына ұшып өтеді. Теңіз жағалауын бойлай ұялайды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. BirdLife International Cochlearius cochlearius. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.
  2. Мектеп энциклопедиясы "Құстар", Ковшарь