Қаражеміс
Қаражеміс | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ішдәрі қаражеміс
| ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
түрлері | ||||||||||||
100 түрі белгілі |
Қаражеміс (лат. Rhamnus) – өзімен аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық бұталар немесе аласа ағаштар.
Дүние жүзінде кең тараған. Еуразия мен Солтүстік Американың, сондай-ақ Солтүстік Африканың қоңыржай аймақтарында кездесетін 140-қа жуық түрі белгілі. Қазақстанда 4 түрі бар. Бұлар негізінен Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай облыстарының жерінде және Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларында таралған. Жиі кездесетін түрі – ішдәрі қаражеміс (R. cathartica). Биіктігі 2 – 8 м-дей бұта, ағаш қабығы бұдырлы, қара жұмыртқа пішінді жапырағының ұзындығы 3 – 5 см, ені 1,5 – 3 см-дей, сабаққа кезектесіп орналасады. Майда гүлі сары немесе жасыл түсті. Ұсақ жәндіктермен (ара, сона) кейде өздігінен тозаңданады. Мамыр – маусым айларында гүлдейді. Жемісі – сүйекті (2 – 4) жылтыр қара, тұқымы сопақша, оның ұзындығы 5 мм-дей. Қаражемістің жапырағынан бояу, жемісінен дәрі, қабығынан илік заттар алынады. Гүлінен аралар бал жинайды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9