Қалдығайты
Көрініс
Қалдығайты өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 243 км |
Су алабының ауданы |
5,8 мың км² |
Су алабы | Жайық алабы |
Су ағысы | |
Бастауы | Алмастау тауы |
• Координаттары | 50°09′14″N 54°21′07″E / 50.15389°N 54.35194°E |
Сағасы | Төлен ауылының тұсында тұзды көлдер |
• Координаттары | 49°26′07″N 52°42′00″E / 49.43528°N 52.70000°E |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау, Қаратөбе аудандары |
Қалдығайты – Жайық алабындағы өзен.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау, Қаратөбе аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 243 км, су жиналатын алабы 5,8 мың км².
Бастауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бастауын Шыңғырлау ауданындағы Алмастау тауының оңтүстік-батысынан алып, Төлен ауылының тұсында тұзды көлдерге құяды.
Гидрологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аңғары кең, орта ағысы құмды өңірмен ағады. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Батпақкөл, Қалдығайты ауылдары тұсында жайылма құрап, батпақтанады. Қар көп болған жылдары қатты тасиды. Әрқайсысының ұзындығы 10 км-дей 40 шақты саласы бар. Ірілері: Песчаная, Баянас, Ащысай, т.б. Жайылмасы – шабындық, жайылым. Өзен суында шортан, қарабалық, алабұға, сазан, т.б. балықтар кездеседі.[1][2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім
- ↑ Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8