Қайызғақшөп
Қайызғақшөп | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Үлгілік түрі | ||||||||||||||||
Stachys sylvatica Карл Линней | ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
300 түрі белгілі |
Қайызғақшөп (лат. Stachys) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдік, кейде шала бұта.
Қоңыржай және субтропиктік аймақтарда кездесетін 300-ден астам түрі белгілі. Талас Алатауы, Қоржынтау, Алтай, Тарбағатай, Іле Алатауының тастақты сол түстік беткейлерінде, Семей, Ақтөбе,Мойынқұм аймақтарының тастақты (қорымтасты) жерлерінде, Балқаш –Алакөл ойысының өзен, арық жағалары мен ылғалы мол шалғындықтарында көп өседі. Қазақстанда 6 түрі бар. Олардың биікт. 15 – 125 см. Сабағы тік, жапырақтары өркен бойына қарама-қарсы орналасады. Гүлдері сабағы мен бұтақтарының ұшында 6 – 8 гүлден топталып, масақ тәрізді гүлшоғырын құрайды. Гүлшоғырлары жапырақ қолтығынан да дамиды. Жеке гүлінде бір-бірімен біріккен түтік тәрізді 5 тостағанша жапырақша, қызғылт, ақшыл сары, көгілдір түсті 5 күлтесі бар. Күлтелерінің екеуі бірігіп жоғары ерін, үшеуі бірігіп, төм. ерін құрайды, түбінен түтік тәрізді тұтасып бірігіп кеткен. Аталығы – төртеу, ол жоғары ерін құрайтын күлтенің ішіне орналасқан. Біріккен күлтелер аталықтарды сыртынан қоршап, жаңбыр суынан қорғайды. Маусым, шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс салады. Жемісі – үш қырлы жаңғақша. Қайызғақшөптің кейбір түрлері дәрілік өсімдіктер (мыс., орман Қайызғақшөпі), арасында шірнелі түрлері де кездеседі.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Энциклопедиясы