Мазмұнға өту

Ява теңізі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ява теңізі
Сипаттамасы
Ауданы552 мың км²
Көлемі61 мың км³
Тереңдігі1272 м
Орташа тереңдігі111 м
Орналасуы
5°04′09″ о. е. 112°36′35″ ш. б. / 5.0692° о. е. 112.6097° ш. б. / -5.0692; 112.6097 (G) (O) (Я)Координаттар: 5°04′09″ о. е. 112°36′35″ ш. б. / 5.0692° о. е. 112.6097° ш. б. / -5.0692; 112.6097 (G) (O) (Я)
Ява теңізі (Индонезия)
Ява теңізі
Ява теңізі Ортаққорда

Ява теңізіТынық мұхиттың батысындағы Үлкен Зонд аралдар (Суматра, Калимантан, Ява, Сулавеси), аралық теңіз. Ауданы 552 мың км2, ең терең жері 1272 м. Жағалауы жайдақ. Ауаның орташа температурасы 27С, беткі су температурасы 27 – 29С. Тұздылығы 31,5 – 34,0‰. Толысу толқындары жарты тәуліктік және тәуліктік, 2 м-ге дейін көтеріледі. Маржанды рифтер (Каримунджава, Ракит, т.б.) кездеседі. Ірі аралы: Мадура. Балықтардан майшабақ, тунец және акула, теңіз тасбақасы, т.б. тіршілік етеді. Балық аулау және інжу өндіру дамыған. Порттары: Джакарта, Семаранг (Ява), Банджармасин (Калимантан).