Мазмұнға өту

Эдуард Элгар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Сэр Эдуард Уильям Элгар (кейде Эльгар), 1-ші баронет Бродхит (ағл. Sir Edward William Elgar, 1st Baronet of Broadheath; 1857 жылдың 2 маусымында, Нижний Бродхит, Молверн-Хиллз, Вустершир, Англияда туылып —1934 жылдың 23 ақпанында қайтыс болған) — романтикалық бағыттағы ағылшын композиторы, Еңбек Орденінің мүшесі, Ұлы Крест Рыцарі.

Оның кейбір үлкен оркестрлік жұмыстары, солардың ішінде «Энигма-вариации» (ағл. "Enigma" Variations) және «Мерейтойлық церемониялық марштар» (ағл. Pomp and Circumstance Marches), кең мойындауға ие болды. Сонымен қатар ол бір қатар ораториялар, симфониялар, камералық музыкалар, аспаптық концерттер мен өлеңдердің авторы. 1924 жылы корольдік музыканың шебері атанды.

Балалық шағы мен жастық шағы Эдуард Элгар фортепианоны жөнге келтіруші, музыкалық тауарар сатушысы Уильям Элгардің және оның сүйіктісі Эннің (туылғ. Грининг (ағл. Greening)) отбасында дүниеге келген. Элгар жеті баланың төртіншісі болды. оның ағалары мен әпкелері Генри Джон (Гарри) (1848—1864), Люси Энн (Лу) (1852-?), Сюзанна Мэри (Полли) (1854-?), Фредерик Джозеф (Джо) (1859-?), Фрэнсис Томас (Фрэнк) (1861-?) және Хелен Эгнес (Дотт или Дот) (1864-?) болды. Эдуард тумай тұрып анасы католик дінін қабылдады, сол себепті Эдуард шоқындырылы, католик ретінде тәрбиеленді.

Элгар ерте тұрып, Вольтерді, Дрейтоннің тарихи классикасын, Лонгфелло және басқа да анасы кеңес беретін шығармаларды жиі оқитын. Элгар әкесінің Қасиетті Георг (ағл. St. George's church) шіркеуінде органда ойнағанын жиі тыңдайтын. Осылайша ол әкесінің жолымен жүрді. Сегіз жасынан бастап фортепиано мен скрипка сабақтарына қатысты. Әсіресе скрипка оны өте қызықтырды, өзінің ең алғашқы шығармасын дәл осы аспаппен орындады.

Өзінің балалық шағын Вустершир көшесінде, әкесінің тауарлар дүкенінде, музыкалық аспаптар мен партитуралар арасында, музыкалық оқулықтар арасында өткізіп, кішкентай Элгар музыкалық теорияны өз бетінше меңгерді. Жасдың ыстық күндерінде ол өзімен бірге қолжазбаларды алып қаланың сыртына кететін, сол жақта тыныштықта оқитын. Осылайша ол табиғат пен музыка арасында өз бойында мықты байланыс орнатты. Кейін ол айтқан: «Музыка, ол ауада, музыка біздің айналамызда, әлем музыкаға толы, сол себепті оны қанша алғың келсе сонша ала беруге болады» Жетілген жылдары

29 жасында, өзінің педагогикалық қызметінің арқасында ол Эллис (Кэролайн) Робертспен, қайтып кеткен генерал-майор Сэр Генри Робертстің қызымен танысады. Ол Элгардан сегіз жасқа үлкен болды. Үш жылдан соң Эллис Робертс өзінің отбасының қарсылығына қарамастан Элгардың әйелі болады. Олар 1889 жылдың 8 мамырында үйленеді. Элгар мен Эллис бір бірін жақсы түсінетін. Ол Элгарға ықпалды адамдардың көңілін қаратқысы келді, оның дәрежесі үшін, жетістігі үшін қолынан келгенінің бәрін жасады. Күйеуінің мансабы үшін ол кейбір өзінің ұмтылыстарын тастайды. Нәтижесінде өзінің күнделігінде былай деп жазған: «Данышпанға қамқорлық жасау — кез келген әйел үшін үлкен өмірлік іс».

Оркестрге арналған шығармалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

• Үш симфония

• «Симфония № 1 Ля-бемоль мажор», Op. 55 (1907—1908 жж.)

• «Симфония № 2 Ми-бемоль мажор», Op. 63 (1909—1911 жж.)

• «Симфония № 3», Op. 88 (тастандылар, 1932—1934 жж., дамытылып, толықтырылды Энтони Пэйн 1972—1997 жж.)

• «Севилланья» (ағл. Sevillaña), Op. 7 (1884 г.)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

• Эльгар, Эдвард Вильям // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: В 86 томах (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Эдуард Элгар
Уикидәйекте бұған қатысты дәйексөз жиынтығы бар: