Мазмұнға өту

Шиқылдақ қаз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Anser erythropus

Шиқылдақ қаз (Anser erythropus) Anser тұқымына жататын «сұр» қаздардың арасындағы ең кішкентайы. 30 жыл бұрын шиқылдақ қазды аулауға рұқсат берілсе, бүгінгі таңда бұл құс Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде шиқылдақ қаздың саны 6-7 есе кеміген деген тұжырым жасалды. Қазіргі таңда шиқылдақ қаздың әлемдік популяциясының 99,9% Ресейде және 40 жұптан құралған кішігірім топ Норвегияның солтүстік шығысында қоныстанған. Әлемдік популяция саны шамамен 25-35 мың қазды құрайды. Шиқылдақ қаздың Еуропа елдерінен мүлде жоғалып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан да бұл қаз түрінің табиғатта сақталып қалуы Ресей мен Қазақстандағы ұялау және қоныс аудару жолдарында атқарылатын сақтау жұмыстарына тікелей байланысты.

« Көктемде қаздар мен суда жүзетін басқа да құстарды атуға тыйым салу сиреп бара жатқан құс түрлерін сақтап қалуға көмектесуі мүмкін. Қазіргі таңда шиқылдақ қаз құрып бара жатқан құс ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген», - делінген хабарламада.

Шиқылдақ қазды көзінің айналасындағы жарқын сары дөңгелек сызықтан ажыратуға болады. Тұмсығы қысқа, кішкентай, үш қырлы, ақшыл қызғылт. Жоғары маңдайына байланысты, басы дөңгелек көрінеді. Маңдайындағы ақ дақ ұзарып көзіне дейін, кейде төбесіне дейін жетеді. Басы мен мойны төсіне қарағанда қошқылдау. Аяғы сары, қызғылт сары. Жас қаздардың тырнақтары қара, ал басында ақ дағы болмайды. Денесінің ұзындығы 53-66 см, салмағы 1,3-2,3 кг.

Биыл шиқылдақ қаз туралы брошюралар мен постерлер дайындалады. Қызыл кітапқа енгізілген құс туралы материалдар тұрғындарға, әсіресе Қазақстанның солтүстігіндегі аңшылар мен қорықшыларға таратылады. Қазақстанда аулауға рұқсат етілген ақ тұмсық қазға өте ұқсас келетін шиқылдақ қазды солтүстік өңірлерде ғана кездестіруге болады.


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Құстар ментеп энциклопедиясы