Шегіртке
Шегіртке — қысқа мұрттылар отряд тармағына жататын үйірлі шегірткелердің бір тобы. Қысқа мұрттылардың ең маңызды тұқымдасының бірі — нағыз шегірткелер; және де шегіртке тікқанаттылар отрядына жатады. Өзінің жақын туыстары қара шегіртке мен көк шегірткеден айырмашылығы – денесінің ұзындығының жартысындай болатын қысқа мұртшасы . Қазақстан ландшафтасының әртүрлі және жерінің кең байтақ болуына байланысты , шегірткенің 271 түрі кездеседі. Шегірткелерді үйірлі және саяқ шегірткелер деп бөледі. Үйірлі түрлерінің ( ұшпа , шөл , қызылшегіртке және т.б ) саяқ шегірткелерден айырмашылығы – жаппай көбею кезінде үлкен топтар құрып , бірнеше жүздеген , мыңдаған гектар жерді басып , бір күн ішінде бірнеше ондаған километр жерге орын ауыстырады. Мысалы, шөл шегірткесінің үйірі 2400-км –ден астам ашық теңіз үстінен ұшып өтіп , солтүстік – батыс Африкадан Британ аралдарына жеткен . Қазақстандағы зиянкес азия шегірткесі ұзақ қашықтықтарға ұша алмайды. Дегенмен ересектері бір күнде 80-120 км қашықтыққа ұша алады. Бұл түрдің тұрғылықты мекендері – Сырдария өзенінің сағасы мен Балқаш , Алакөл , Зайсан көлдерінің жағалауларындағы сазды жерлердің қалың қамыстары . Жаздың екінші жартысында жұмыртқа салады, дернәсілдері майдың соңында шығады , 35-40 күннен кейін қанаттанады. Азия шегірткесінің әрқайсысы өз өмірінде 300 г көк жем жейді , ал бір аналықтың ұрпақтары бір жазда екі қойға жететін жемді жейді . Негізгі қорегі қамыс болғанына қарамай , үйір 1-2 сағат ішінде мыңдаған астық алқабын жоқ қылып жібереді , сонымен қатар капуста, қарбыз, күнбағыс және тағы басқа қоректеніп, біршама зиян келтіреді.
Шырылдауық шегірткелер, көк шегірткелер және кәдімгі обыр шегірткелер бір-бірімен туыстас болып келеді. Әсіресе, обыр шегіртке мен көк шегірткелер бір-біріне өте ұқсас. Бұл жәндіктердің барлығының денелері ұзындау, ал артқы аяқтары секіруге ыңғайлы болып келеді. Аталған жәндіктер қанаттарының көмегімен дыбыс шығара алады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақ энциклопедиясы, 9 том
"Қазақстандағы жануарлар әлемі" , Алматыкітап баспасы , А.Ф. Ковшарь , В.А. Ковшарь
Тағы қараңыздар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |