Шаңсорғыш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Шаңсорғыштық жұмыс істейтін негізгі бөлігі— ауа сорғыш агрегат (коллекторлы электр двигательден жетегі бар желдеткіш) болып табылады. Ол агрегат желдеткіш тудыратын ауа ағынының көмегімен ауаны ішке сорып алады. Шаңсорғыш, бұлардың сыртында, бірнеше қондырғысы бар кеңірдек тәріздес иілгіш штангімен жабдықталады. Шаңсорғыштың едендік (еден бойымен қозғайтын), қолға ұстап жүретін, автомобиль тазалайтын және щетка-шаңсорғыш (электр щетка) сияқты түрлері шығарылады. Едендік шаңсорғыштың тура соратын және құйындата соратын түрлері кең тараған. Тура соратын шаңсорғыш (мыс., «Чайка», «Ракета») шаңды ұсақ қоқымды щетка-қондырғы мен шланг арқылы ауамен бірге сорып алады да, мата сүзгіге жинайды. Тазарған ауа электр двигателін айналып өтеді де, бағытын өзгертпестен желдеткіш пен артқы саңылауы арқылы сыртқа шығады. Құйындата соратын шақырғышта («Вихрь», «Буран», «Урал» т. б.) ауа электр двигателінің төменгі бөлігін айналып өткен кезде қоқым мен шаң-тозаңның ірілерінен, ал мата сүзгіде ұсақ бөлшектерінен арылып, желдеткіш арқылы тысқа шығады. Қолға ұстап жүретін шаңсорғыш әдетте шаңтозаңды тура сорады. Мөлшері, массасы және қуаты жағынан едендік щаңсорғышпен салыстырғанда шағын әрі қондырғысының саны шектеулі болады. Автомобиль тазалауға арналған «Вихрь-авто» және «Шмель-авто» шаңсорғыштары қол шаңсорғышына ұқсас, негізінен жеңіл автомобильдердің сал оны және жүк салғышын тазалауға арналады. Ол автомобиль аккумуляторына қосу арқылы (кернеуі 12 В) жұмыс істейді. Конструкциясына байланысты шаңсорғышқа сүзгі ретінде мата жөне шибарқыт пайдаланылады. Әр пайдаланған сайын сүзгіні шаң-тозаңнан тазартып отыру керек. Шибарқыт сүзгіні жууға болмайды. Сүзгінің электр двигателіне қараған жағының таза болуын қадағалап отыру қажет, әйтпесе, оның шақы жұмыс кезінде бөлмені басып кетуі мүмкін. «Чайка—8», «Аудра», «Урал» шаңсорғыштарында бір рет пайдаланылатын ауыстырмалы қағаз сүзгілер болады. Бөлмені, мебельді, киімді тазалан болғаннан кейін қағаз сүзгіш жаңасымен ауыстырт салады. Қағаз сүзгі пайдалануға ыңғайлы әрі гигиеналық жағынан таза болады. Шаңсорғышты ұзақ пайдаланғанда электр двигателін салқындату үшін 1 сағат сайын 10 минутқа үзіліс жасау керек. Бұл кезде электр желісінен ажыратпаса да болады. 250—300 сағат жұмыс істегеннен кейін шаңсорғыштың көмір щеткалары толығымен істен шығады, оны жаңасымен алмастыру (бір мезгілде электр двигателі якорының коллекторын бензинге матырылған шүберекпен сүртіп шығу) керек. Щетканы алмастыру, коллекторды сүрту әркімнің қолынан келеді, ал күрделі конструкңиялы шаңсорғышты шеберханаға апарған тиімді. Шланг ішінде қоқым жиі тұрып қалады. Пайдалану алдында оны жел айдайтын тесікке қосып тексеру қажет. Оның ішіндегі қоқым бөлмені ластамас үшін шлангінің келесі ұшын шаң сорғыштың сору тесігіне кигізу қажет. Едендік және қолшаңсорғыштары кернеуі 220 В айнымалы тоқ желісінен қоректенеді; тұтыну қуаты 140—600 Вт. Орынды аз алу үшін (әсіресе, шағын пәтерде) оның қоранын «Урал» және «Электросила» шаңсорғыштары сияқты үй ішіндегі жұмсақ мебель тәріздес етіп жасайды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9