Шақырым
Көрініс
Шақырым — қазақтың байырғы ұзындық өлшемі. Шақырым Орта Азия мен Қазақстанда, сондай-ақ бірқатар Шығыс елдерінде де кең тараған. Қазақта шақырым өлшеміне дауыс жетер жердегі қашықтық алынған. Бұл нақтылы бір мәнге ие болмаған.
Басқа халықтар арасында шақырым іспеттес өлшемдер жиі кездеседі. Шақырым Араб елдерінде пайдаланылған фарсах немесе парсанг (шамамен 6 км), сондай-ақ Ресейде қолданылған верста (1,0668 км) тектес өлшемдер қатарына жатады. Шақырым қазіргі кезде мың метрді (1 км) құрайды.[1]
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Сен білесің бе? энциклопедиясы, Аруна баспанасы, 2013ж