Цзялинцзян
Көрініс
Цзялинцзян (қыт. 嘉陵江) — Қытайдың оңтүстік-шығысындағы өзен, Янцзы өзеннің сол жақ ірі саласы. Ұзындығы 1119 км, су жиналатын алабының ауданы 160 мың км². Циньлин тау жотасының оңтүстік беткейінен Аньхэ және Сиханьшуй бастауларымен басталып, жоғарғы және орта ағыстарында тау өзені, төменгі ағысында (Сычуань қазаншұңқыры үстінде) жазық өзені сипатты.
Ірі салалары:
- Дунхэ;
- Цюйцзян;
- Байлунцзян;
- Сихэ;
- Фоуцзян.
Орташа су ағымы 2100 м³/с. Су тасу жаз маусымына келеді. Негізінен егін суаруға пайдаланылады. Наньчун қаласына дейін кеме жүзе алады. Сағасында Чунцин қаласы орналасқан.
Ciлтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, XVIII том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |