Ховея

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ховея

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Arecales
Тұқымдасы: Arecaceae
Тегі: Howea
Becc.
түрлері

2 түрі белгілі

Ховея (лат. Howea) – пальмалар тұқымдасына жататын, Лорд-Хау аралында өсетін түрі. H. forsteriana және H. belmoriana деген екі түрі үй жағдайында өсіріледі. Оларды бір-бірінен айыру өте қиын. Бойының биіктігі әртүрлі. Үй жағдайында 2,5 метрге жетеді, ал табиғатта 10-12 метр болады. Жапырақтары қанат секілді, ұзындығы 2,5 м. Жылыжайларда ховея гүл жарып, жеміс береді. Үй жағдайында оны гүлдету оңай емес. Ол үшін оған қажетті жағдай жасау керек. Табиғатта ховея жар басында теңіз деңгейінен 300 метр биіктікте өседі. Жаз кезінде ховеяға таза ауа қажет, сондықтан оны аулаға шығарып қойған дұрыс. Топырағы құнарлы болуы керек. Жас ховеяларды жыл сайын, ал көп жыл өскендерін екі-үш жылда бір рет топырағын жаңартып, қайта отырғызу керек.

Жарық жерде де, алакөлеңкеде де өсіре беруге болады.

Қыс кезінде ауа температурасы 18 °C төмен болмауы керек.

Суғарылуы:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Топырағы құрғаған кезде ғана суғару керек. Артық су құюға болмайды.

Ылғалдылығы:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Күніне 2-3 рет жапырақтарына су шашып тұрған жөн.

Қоректендірілуі:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жазда екі аптада бір рет, қыста айына бір рет қоректендіріледі.

Артық ылғалдылықтан жапырақтары қоңыр түске айналып, дақтар пайда болады. Сарғайған жапырақтарын кесіп тастау керек.

Көбейтілуі:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тұқымы арқылы көбейтіледі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]