Мазмұнға өту

Хиуа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қала
Хиуа
өзб. Xiva

Хиуаның дуалдары
Әкімшілігі
Ел

 Өзбекстан

Облысы

Хорезм облысы

Түмен

Хиуа ауданы

Хәкімі

Даврон Аллакулиев

Тарихы мен географиясы
Координаттары

41°22′42″ с. е. 60°21′50″ ш. б. / 41.37833° с. е. 60.36389° ш. б. / 41.37833; 60.36389 (G) (O) (Я)Координаттар: 41°22′42″ с. е. 60°21′50″ ш. б. / 41.37833° с. е. 60.36389° ш. б. / 41.37833; 60.36389 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

б.з.б. VI ғасыр

Орталығының биiктігі

109 м

Климаты

күрт континенталды

Тұрғындары
Тұрғыны

89 500 адам (2017)

khiva.uz

Хиуа картада
Хиуа
Хиуа

Хиуа (өзб. Xiva) — Өзбекстанның Хорезм облысындағы қаласы. Әмудария өзенінің сол жағалауында, теңіз деңгейінен 91 метр биіктікте, Үргеніш темір жолы стансасынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км. жерде орналасқан. Халқы 51,2 мың (2004) адамға тең.

Хиуа тарихы көне Хорезм мәдениетімен тығыз байланысты. Хиуа б. з. д. 1-мыңжылдықта дамыған Топыраққала, Қуатқала, Бүркітқала, Гүлдірсін, Қырыққыз, т. б. қалалармен қатар аталады. Зерттеушілердің болжауынша, Хиуаның негізі б.з.б. 5 ғасырда қаланған. Бастапқыда Ахемен әулеті мемлекеттерінің, кейіннен Сасани әулетінің қарамағында болды. Хиуаны 712 жылы арабтар жаулап алды. IX–X ғасырларда Хорезм мемлекетінің астанасы болып, біршама гүлденді.

Хиуа қаласында өз заманында Мұхаммед әл-Хорезми, Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Әли ибн Сина тәрізді ірі энциклопедияшы ғалымдар еңбек етті. Шыңғыс хан мен Әмір Темір заманында Хиуа қиратылып, талауға түсті. Хиуаның қайта гүлденген кезеңі 16 ғасырға сәйкес келеді. Бұл кезде қаланың ірі қорған қабырғалары, салтанатты сарайлар, мешіттер, мұнаралар, кесенелер салынып, архитектуралық ансамбль құрылды. XVII-ғасырда Хиуа Хиуа хандығының астанасы болды. 1842 жылы Хиуа хандығының билеушісі Аллақұл хан Хиуаның бір бөлігін арнайы дуалмен қоршатып, қаланың ол бөлігін Ишан қаласы деп атады. 19 ғасырда Хиуада көптеген медреселер мен мешіттер салынды. Әйгілі медреселердің қатарына көркем безендірілген ғимараты бар Мұхаммед Аминхан медресесі жатады. 1873 жылы Хиуаны орыс әскерлері басып алып, бүкіл Хиуа хандығымен бірге Ресей империясының протекторатына айналдырды. 1920–1924 жылы Хорезм Халық Кеңес Республикасының астанасы болды. 1967 жылы қаланың ескі бөлігі — Ишан қаласы қорыққа айналдырылды. 1995 жылы Хиуа ЮНЕСКО-ның шешіміне сай әлемдік мәдениеттегі ерекше орны бар қалалардың қатарына қосылды. 1997 жылы Хиуаның 2500 жылдық мерейтойы аталып өтті[1].

Қала панорамасы
Қала панорамасы

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]