Хиджаб
Хиджаб (араб.: حجاب — «қалқан», «шымылдық») — мұсылман әйелінің көшеге шыққанда денесін не денесі мен бетін жасыру үшін киетін киімі. Ең алғаш Мұхаммед пайғамбардың ﷺ әйелдері ғана хиджабпен жүретін болған, кейін барлық мұсылман әйелдері осы салтты ұстанған.
Хиджабтың қара немесе басқа түсті ойық яки тор көз сақтауы бар желбегей іспеттісі (бетті немесе бүкіл денені жауып тұратын), бетті жауып тұратын қара селдір тор шымылдық секілді және т.б. түрлері болады.
Хиджабты киюден бас тарту мұсылман елдеріндегі өмірді демократияландыру ұрандарының бірінен саналды. Хиджабтан ашық бас тарту ең алғаш Мысырда XIX ғ-дың 70 жылдарында көрініс берді. Қазіргі кезде мұсылман елдерінде хиджабтың бас орамал және мойын мен қолды жауып тұратын киім секілді жеңілдетілген түрі кең тараған.[1]
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Hijabs |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |