Франц Миклошич
Франц Миклошич (нем. Franz Xaver Ritter von Miklosich; 20 қараша 1813, Радомерщак — 7 наурыз 1891, Вена) — австрия және словен тіл білімінің маманы, славян тілдері салыстырмалы грамматикасының негізін салушы.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Вена ғылым академиясының академигі. Грацеде университет бітірген. Вена университетінің профессоры. Көне және қазіргі славян тілдерін, әдебиетін зерттеді, славян тілдерінің салыстырмалы тарихи грамматикасын, көне слаян тілінің сөздігін жасады. Славян тілдерінің көрші халықтар тіліне әсерін, цыган тілін зерттеді. Ол славян халқының заң, тарих, этнография топономика, ономастика мәселелерімен де шұғылданды. Миклошич орта ғасырлардағы славян текстері («Супрасль қолжазбасы» 1851; «Шишатов апостолы» 1853 т.б.) мен славяндардың тарихына байланысты әдебиеттерді бастырып шығарды. Санкт-Петербург және басқа да ҒА-ларының мүшесі болды.
Негізгі еңбектері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Сравнительная грамматика славянских языков», т.1-4,1852-75
- «Словарь старославянского языка»,1850,2 изд.,1862-65
- «Этимологический словарь славянских языков», 1886.