Мазмұнға өту

Федерализм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Федерализм ( лат. foedus – одақ; фр. federalіsme; ағылш. federalіsm) - конституцияда немесе келісімде көрсетілген мәселелер бойынша оның құрамдас аумақтық бөліктері жекелеген дербестіктерге ие мемлекеттің ішкі құрылымын қору және қызметі ету әдісі.

  1. федерацияға негізделген мемлекеттік құрылыс, мемлекеттің күрделі, одақтық сипатын көздейтін аумақтық ұйымдасу нысаны. Федерализмге негізделген мемлекеттерде (РФ, Америка Құрама Штаттары, Германия, тағы басқалар) федерация субъектілерінде федералдық (орталық) өкімет бір жақты тәртіппен өзгерте алмайтын меншікті өкілеттігі болады. Федерацияның және оның субъектілерінің билікті жүргізу тәртібінің ара жігі конституциямен ажыратылған;
  2. федералдық құрылыс орнатуға ұмтылған саяси ағым. Федерация ең алдымен, мемлекеттік ұйым қағидаты. Ол өз субъектілерінің федералдық билік пен басқару органдары, азаматтық ортақ, бірыңғай ақша өлшемі, т.б. бар бір егеменді мемлекет негізінде неғұрлым тығыз да берік бірлесуін көздейді.

Мұнда федералдық заңдардың аймақтық заңдардан сөзсіз басымдығы танылады. Мемлекеттік құрылыстың конфедерация нысаны – дербес мемлекеттердің одағы. Онда бірыңғай конституция, құқықтық және салықтық жүйе болмайды.[1]


Федерализм концепциясының негізін салушылардың бірі болып Спинелли танылады. Оның федерализм концепциясына байланысты еңбектері екінші дүниежүзілік соғыстың шарықтау шектерінде жарыққа шыққан болатын. Спинеллимен қатар федерализм идеясын зерттеушілер қатарына А.Гамильтонды, К.Уэйрді және Р.Уотсты жатқызуға болады. Бастапқыда бұл концепцияны шынайылыққа келмейді деп сынаған. Кейін Батыс Еуропада алғашқы интеграциялық үдерістер дами бастаған соң, федерализм концепциясы тереңдей зерттелді. Федерализм теориясының басты объектісі – саяси институттар. Ол саяси институттар экономикалық және әлеуметтік саладағы интеграцияның бастау алатын ошағы деп саналды. Шартты түрде федерализм концепциясын келесідей сипаттауға болады: орталықтандырылған жүйеден келісім негізінде бас тарту. Мемлекеттердің федералистік модель бойынша халықаралық интеграциясы федеративтік принципке негізделген мемлекеттердің ішкі режимдеріне ұқсайды. Спинелли пікірінше, федералистік құрылым интеграцияға түсетін бірліктер мен орталықпен өзара қатынасқа түсу негізінде пайда болатын құзыреттерді бөлу үдерісімен сипатталды. Федерализмге сәйкес биліктің ешбір деңгейі ерекше құзыретке ие бола алмайды. ЕЭҚ Кеңесі Спинеллидің еурпалық федерализм идеясын құптады. Осыған орай еуропалық интеграция контексінде федерализм идеясы ортақ федералды Еуропаны құрумен сипатталады. Сонымен федерализм мәні – территориялық бірліктердің өзінің құзіреттерінің бір бөлігін өзіндік біртектілігін сақтай отырып, орталыққа тасыруы керек. Э.Уистрич пікірінше, федерализмнің мәні – биліктің кез саладағы децентрализациясы. Үкіметүстілік федеративті мемлекет құру тіралы идеяның тиімділіктері қарамастан, бұндай федералистік жобалар соғыстың аяқталғанына дейін жоюа түрінде қала берді. Федерализм идеясының тиімсіздігі – жеке мемлекеттердің мүдделері мен сыртқы саяси стратегияларының маңыздылығының төмендетілуі. Қорытындалай келе, федерализм идеясына сәйкес билік екі сатыдан құралуы керек: орталық және жергілікті. Бірақ билік басшыларының арасында 3.Неофункционализмге сәйкес интеграцияның дамуы жөніндегі негізгі шарттарының сипаттамасын беріңіз. Неофункционализм идеясының салушы – Эрнст Хаас. 1958 жылы жарық көрген «Еуропаның бірігуі: саяси, әлеуметтік және экономикалық күштер» атты еңбегінде Хаас саяси интеграцияны келесідей түсіндіреді: интеграция үдерісі өзінің көлемі жағынан ұлттық мемлекеттен әлдеқайда үлкенірек саяси қауымдастықты құруға бағытталған және орталық институттарға қатысты ниеттестіктің болуы. Хаас еңбектерінен интеграция үдерісіндегі саяси фактордың маңыздылығын артуы байқалады. Неофункционализмге сәйкес интеграция нәтижесінде аймақтық мемлекет, аймақтық қауымдастық және ассимметриялық аймақтық құрылымардар құрылуы мүмкін. Сонымен қатар интеграция жүзеге асырылуы үшін ұлттық жүйе өзінің қфзметтерінің бір бөлігін ұлтүстілік құрылымдарға тапсыруы және интеграция әлеуметтік топтар үшін тиімді сфералардан басталуы керек. Неофункционализмді саралай келе ниет дуализм байқалады. Ол дегеніміз – ұлттық және ұлтүстілік интеграциялық үдерістер арасындағы қарама қайшылықтар. Хаас пікірінше, еуропадағы интеграцияның дамуының негізгі алғышарттарының бірі – еуропалық біртектілік пен сәйкестікті сақтап қалу емес, керісінше белгілі әлеуметтік дәне саяси топтардың бірігуге деген ниеттерінің болуы. Хааспен қатар неофункционализм идеясын дамытшылар қатарына Дж.Най мен К.Дойчті жатқызуға болады. Олардың пікірінше, интеграцияның дамуының негізгі алғышарты – экономикалық мүдделерді іске асыру мақсатныда құрылған интеграция кейін саяси интеграцияға алып келуші негізгі фактор. Интеграцияның іске асырылуы үшін мықты орталықтандырылған институттар қажет, кейін қатысушы мемлекеттердің өзіне тиесілі суверенитеттерінің бір бөлігін жоғары тұрған қауымдастықтарға жүктейді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3