Мазмұнға өту

Уолт Дисней

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Уолт Дисней
Walt Disney
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

5 желтоқсан 1901 (1901-12-05)

Туған жері

Чикаго, АҚШ

Қайтыс болған күні

15 желтоқсан 1966 (1966-12-15) (65 жас)

Қайтыс болған жері

Лос-Анджелес, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

суретші-мультипликатор (аниматор), режиссёр, сценарийші, продюсер, актер

Белсенді жылдары

19201966

Бағыты

отбасылық кино

IMDb

ID 0000370

Walt Disney Family Museum

Уолт Дисней (туған кездегі есімі Уолтер Элайас Дисней ағылш. Walter Elias Disney)(5 желтоқсан 190115 желтоқсан 1966) — америкалық суретші-мультипликатор, кинорежиссёр, актёр, сценарист және продюсер, «Walt Disney Productions» компаниясының негізін қалаушы, сол компания қазір «The Walt Disney Company» медиа империясына айналды.

Тарихтағы ең бірінші дыбысталған мультфильмді жасаушы адам болып табылады.

Уолт Дисней өзінің балалық шағының өте сәтсіз өткендігін үнемі айтып отыратын. Уолт Дисней отбасының бесінші кенже ұлы еді. Әкесі Элайс Дисней ұсақ құрылыс бизнесімен айналысқан адам болатын. Ол өте қатал адам болған, қит етсе балаларын дүренің астына алатын. Отбасы өте кедей тұрды, сондықтан балаларды ойыншықпен алдандырмады, кішкентайларынан еңбек етуді талап етті. Уолт пошташы болып жұмыс істеді, еңбек ақысын шашау шығармай қатал әкесінің қолына әкеліп салатын. Бірде әкесі сүзек ауруымен ауырғанда, анасы оның ерніне апельсиннің бөлшектерін салды, соны көріп сілекейлерін жұтқан Диснейдің балалары апельсиннің дәмін көру үшін сүзекпен ауырып қалсақ екен деп армандады.

Диснейдің отбасы фермада тұрды, сондықтан да Уолт қорадағы жануарлармен достасып ойнағанды жақсы көретін. Ол жай ойнап қойған жоқ малдың әрқайсысын мұқият зерттеп, олардың қимыл-қылықтарын есінде сақтауға тырысты. Сөйтіп оның салған суреттерінің негізгі кейіпкерлері фермадаға жануарлар болатын. Осы ерекше жаратылған бала өз үйінің қабырғасына керемет әдемі үй салатын. Бірде ол бір жапырақ қағазға көршісінің биесінің суретін салды. Суреттегі биенің шын биеден айнымай қалғанына сондай риза болған көрші жас суретшіге төледі. Алғашқы табысына масаттанған балақай суреттерін көршілеріне сата бастады. Қырық жыл өткен соң сол көршілер баяғы баланың суретін аукциондарда сатып пайда тапты.

Оның әкесі белін жазбай жұмыс істейтін еңбекқор болғандықтан, суретшілердің бәрін жұмыс істей білмейтін кержалқаулар деп есептеді. Сондықтан да, былайша айтқанда ұлының суретші болам деген ынтасын онша қолдамады. Әкесі оны жиі жазалады, сондықтан да бала кезінде ол бұл менің өгей әкем шығар деп іштей тұжырымға келген. Уақыт өте келе олардың отбасы Канзас-Ситиге қоныс аударды. Жаңа қоныста балалар зәулім дуалдың ар жағына жасырынған үлкен үйді көруге қызығатын. Алайда биік шарбақтан ішке кіру мүмкін емес еді. Міне сол кезде кішкентай Уолт есейген соң балалар көңіл көтеретін түрлі ойын алаңдары мен бақтары бар үлкен ғажайып үй салсам деп армандады. Бұл болашақ Диснейленттің қиялдағы үлгісі еді. Кейіннен Диснейдің атақты бақтарын «балалық шақтан есе қайтару» деп бекерден-бекер атамаса керек.

Балалық шақ аяқталған кезде Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды да жас жігіт Уолт майданға аттанды. Алайда ол үшін соғыс деген «мультойын» сияқты болып көрінеді. Оның әскери бөлімшесі соғыс толастаған кезде Францияға келіп жетті де Уолт Қызыл Крестің «Жедел жәрдем» машинасына жүргізуші болып қызмет етті. Оның суретшілік таланты бұл жерде де пайдаға асты: өзінің қызметтес жолдастарымен бірге іске асыра алмаған мақсаттарын Дисней орындады... ол арманының бәрін суретке айналдырды. Ол соғысқа мүлдем қатыспаған солдаттардың су жаңа мундиріне әскери ордендерді, ал жап-жаңа каскаларды суретшінің қарапайым техникасын пайдалану арқылы оқ шұрық тескен жаудан түскен олжа ретінде көрсетті. Бұның бәрі оған айтарлықтай пайда түсірді. Уолттың машинасы жау оғынан қорғанатын жасыл далданың орнына әр түрлі көңілді суреттермен әшекейленді. Ал барлық әскери компания қызықты шытырман оқиғаны еске салатын.

Отанына оралған соң ол өз ұлтының «жедел жәрдеміне» айналды.

Отанында ол Жарнамалық фирманың иегері болады. Бірақ 1920 жылдың ақпанында күтпеген жерден киножарнамалы компанияның қарапайым суретшісі болып жұмысқа тұрады.


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Walt Disney