Уағыз
Уағыз – ислам дінінде Алланың барлығы мен бірлігі, дін шындығы жайлы және адамдарды дінге шақыру мақсатында айтылатын насихат сөздер. Уағыз жамағаттың алдында, оның сұранысына орай белгілі бір тақырыпты ашу үшін Құран Кәрім аяттарынан, ғұлама-әулиелердің сыр сөздерімен дәлелдене отырып баяндалады. Заманауи ғылыми жетістіктердің жаңалықтарының да Құран ақиқаттарымен ұштасар тұстарын дәлелге тартып, ғылыми-техникалық жетістіктерді, жануарлар әлемінің табиғат аясындағы өмірінің ерекше үйлесімі мен таңғажайып табиғат құбылыстарын тілге тиек етіп уағыз айту дәстүрі бар. Уағыз барысында Құдайдың рахметінен үміттендіре отырып, қаһарынан қорқыту исламның имандылық шарттарына сәйкес айтылып, ізгілікке, адамгершілікке шақыру бағытында насихатталады. Уағыз мешітке жиналған жамағат үшін мінберге шыққан имам тарапынан айтылады. Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) дінге тартуға зорлық жүрмейтінін, адамдарды дінге көркем мінезбен, тартымды үгіт-насихатпен шақыруды өсиет еткен.[1]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |