Тұщы су
Тұщы су — минералдану дәрежесі 1 г/л-ден аспайтын табиғи су атауы, минералдануы 1%-дан кем су.[1]
Жер бетіндегі судың көлемі 1400 млн текше шақырым. Оның 2,5 пайызы, яғни 35 миллион текше шақырымы ғана ішуге жарамды тұщы су. Егер де адам саны (қазірдің өзінде 7 миллиард) жылдан-жылға өсе берсе, алдағы 30-40 жылда бір жұтым су табудың өзі жер шарының кейбір аймақтарында қиямет-қайымға айналмақ. БҰҰ зерттеуінде алысқа бармай-ақ 2030 жылдары 5 миллиард халық тұщы судың зардабын тарта бастамақ. Бұл - әлемдегі халықтың 67 пайызы ауызсуға қаталайды деген сөз. Дамушы елдердегі аурулардың 80 пайызы сапасыз суды пайдаланғаннан болуда. Содан жыл сайын 3 миллион адам шейіт болады екен. Шөлді, шөлейтті, жартылай шөлейтті болып келетін Қазақстанда суға қаталап жатқан ел. Бүгінгі күні Қазақстанда жер үстіндегі сулардың көлемі 42 млрд т. м. құрайды. Ал жерасты суларының қоры 19 млрд т. м. 2012 жылы қаңтар соңында Ресей ғалымдары Антарктида мұзын 30 жыл бұрғылап, 4000 метр тереңдіктен әлемдегі аса ірі тұщы көлді тапты. Ол көл жалғыз емес екен. Мәңгілік мұзды аймақта ірілі-уақты 80 көл бар болып шықты. Егер де ол суларға қолжетімді болса, жер бетіндегі халықты 150 жыл ауызсумен қамтамасыз етуге болады екен. Бірақ тұщы су мұз астында, тым тереңде жатыр
Табиғаттағы тұщы су
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дүние жүзінің көптеген елдерінде тұщы су тапшы. Адамдардың өмір сүруіне ең қажетті табиғи зат болғандықтан, онымен қамтамасыз ету жолдарын іздестіруде. Дүние жүзінде ең бірінші Қазақстанда Каспий теңізінен алынған ащы теңіз суын тазартатын қонырғы Ақтау қаласында салынған. Ол қазір қаланы тұщы сумен толық қамтамасыз етіп отыр. Таза, Тұщы судың азаю себебі табиғаттағы таза су көздеріне зауыт, фабрика, тұрмыстық мекемелер пайдаланған лас сулар, ауыл шаруашылығында пайдаланылған тыңайтқыштар және зиянкестерге себілген улы химикаттар қосылып, табиғи таза су ластанады. Әсіресе өнеркәсібі жақсы дамыған, халық жиі қоныстанған Еуропа мемлекеттері тұщы суға зәру.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл — геология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |