Мазмұнға өту

Түйежоңышқа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Түйежоңышқа
Сары түйежоңышқа
Ғылыми топтастыруы
Әлемі: Эукариоттар
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
Сабы: Fabales
Тұқымдасы: Бұршақ тұқымдасы
Тегі: Түйежоңышқа

Түйежоңышқа (лат. Melіlotus) – бұршақ тұқымдасына жататын екі жылдық сирек бір жылдық өсімдіктер тегi[1].

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстанның барлық аймағында кездеседі, дала шалғынында, кейде сортаң жерлерде, өзен аңғарында, жол жиегінде, бақта өсетін 3 түрі бар. Ең маңыздысы әрі жиі кездесетіні ақ түйежоңышқа (лат. Melіlotus albus) және сары не дәрілік түйежоңышқа (лат. Melіlotus offіcіnalіs). Бұлардың биіктігі 30 – 100 см.

Морфологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кіндік тамыры тарамдалған. Сабағы тік, бұтақталып өседі. Жапырағы күрделі, үш құлақты, ұзын сағақты, бөбешік жапырақшалары тісті болады. Тостағанша жапырақшаларының ұзындығы 2 мм-дей, бес тісті. 9 аталығы бір-бірімен түтікше тәрізді болып бірігіп кеткен. Біреуі, көбінесе, бос жатады. Гүлі ұсақ сары не ақ түсті, шашақ гүлшоғырына топталған. Жәндіктермен тозаңданады.

Мамыр – шілде айларында гүлдеп, жемісі піседі. Жемісі – ұзынша келген, мұртшасы бар бұршаққап, сыртында көлденең қатпарлары, ішінде бір тұқым болады.

Қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Түйежоңышқа құрғақшылыққа, суыққа төзімді келеді, топырақ талғамайды. Құрамында кумарин бар, ақуызы көп, дәрумендер мен минералды тұздарға бай мал азығы. 100 кг шөбінде 18,5 – 19,5 азық өлшемі, 3,1 – 3,2 кг сіңімді протеин бар, шөбін малдың барлық түрі жейді. Медицинада, темекі, шарап өнеркәсібінде пайдаланылады. Аудандастырылған сорттары: «Медет», «Куузику 1», «Башқұрттық», «Беде пішіндес 9654», т.б.

Дәрі мақсатында түйебұршақтың күздігүні жиналатын өсіп жетілген тұқымының бұршаққыны, бұршақ қабығы пайдаланылады. Бұршақ тұқымында 20 пайызға жуық кристалды глобулин фазеолині, протеаз, холестерин, лецитин, езілетін көмірсутегі, декстрин, лимон қышқылы және басқа да заттар кездеседі. Медицинада түйебұршақ препараттарын қантты диабетке пайдаланады. Халық медицинасында түйебұршақ дәнінің қабығын ревматизм мен бүйрек шеменінде несеп шығаратын дәрі ретінде қолданады[2].


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
  2. «Дәрілік өсімдіктер» М. Қожабеков.