Тяньвэнь-1

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Тяньвэнь-1

Ұйымы Қытай Қытай ұлттық ғарыш басқармасы
Тапсырысы Орбитер мен ровер
Ненің серігі Марс
Орбитаға орнату күн-айы 2021 ж. 10 ақпан
Ұшыру күн-айы 2020 ж. 23 шілде, Вэньчан
Сөре көлігі Чанчжэн-5
NSSDC нөмірі 2020-049A
Массасы 5000 кг
орбитер 3175 кг
ровер 240 кг

Тяньвэнь-1 (天問一號, «Аспанға сұрақтар») — 2020 жылдың 23 шілдесінде Марсқа ұшырылған қытайлық ғарыш кемесі, орбиталық аппараттан және ішінде ровері бар қону сатысынан тұрады.

2021 жылдың 10 ақпанында аппарат Марс орбитасына енді.[1]

Мамыр айында қону сатысы роверді Марстың Утопия жазығына жеткізеді деп жоспарланған.

Құрылғылары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Орбитер құрылғыларына мультиспектрлік және панорамалық камералар, радиолокатор, спектрометр, магнитометр, ион санауышы және энергиясы үлкен бөлшектердің санауышы кіреді.

Ровер құрылғыларына 100 м тереңдікке дейін жететін георадар, магнит өрісінің анықтағышы, метеорологиялық құрылғы, химиялық анықтағыш, мультиспектрлік камера, навигациялық пен топографиялық камералар кіреді.

Ровердің негізгі мақсаттарының бірі — биомолекулалар мен биосигнатураларды іздеу.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]