Тулуза графтары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Алғашқы Тулуза графтары (comites) Меровинг кезінен бері белгілі. Олар графтыққа Франктер королімен тағайфндалып, белгілі-бір қала мен оның маңайындағы мекендерді басқарды. Олар туралы бізге мәліметтер бізде аз және бұлыңғыр. Бірақ Каролингтер басқарған кезеңдерде олар туралы мағлұматтар біршама көп. Бұл графтар кейіннен толықтай деуге келетіндей тәуелсіздіктерін алып, титул әкеден балаға қалып отырып, бұл мансап Руэрга отбасысына тиесілі болып кетті.

IX ғасырдан 1271 жылға дейін Тулуза графтары Тулуза қаласы мен оның маңайындағы қалаларды басқарды. Сонымен қатар Тулуза графтары мен осы фамилия иелері әр түрлі уақыттарда Керси, Руэрг, Альби және Ним графтықтарын, Готия және Прованса маркиздіктерін де биледі. Раймунд IV Қасиетті Жерде Триполи мемлекетін құрды, оны кейін оның мұрагерлері басқарды.

Каролингтік графтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мұрагер графтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 849—851 : Фределон (өлді 851), Фулькоальдтың ұлы, де Руэрг және Сенегонд графы.
  • 852—863 : Раймунд I (ум. 865), алдыңғысының бауыры.
  • 863—863: Онфруа (Гумфред) (шамамен 863 жылы өлді), Бон, Отёна, Шалона, Макона графы, Бургундия және Готия маркизі
  • 863—865 : Раймунд I (екінші рет)
  • 865—872 : Бернар II Торпақ (ум. 872), Раймунд I баласы
  • 872—886 : Бернар III Плантвелю (841—886), Аквитания маркграфы, Отён, Роде, Орму, Оверни, Тулуза, Бурж, Готия маркизі, Макон, Лион графы.
  • 886—918 : Эд (өлді 918), Раймунд I баласы
  • 918—924 : Тулузалық Раймунд II (ум. 924),
  • 924— 944 арасы мен 969 : Раймунд III Понс (944-969 жылдар аралығында өлді), алдындағының баласы
  • 944 және 969 аралығында—972 : Раймунд (IV) (†972), Раймунд III Понстың баласы
  • 972—972/979 : Раймунд (V), Раймунд (IV) баласы
  • 972/979—1037 : Гильом III Тайлефер (952—1037),
  • 1037—1060 : Понс (†1060), Раймунд (IV) баласы
  • 1060—1094 : Гильом IV († шамамен 1040-1094), алдындағысының баласы
  • 1094—1117 : Тулузалық Филиппа (†1117), Тулузы графинясы, алдындағысының қызы
  • 1088—1105 : Раймунд IV (VI), Раймунд де Сен-Жиль († 1105) деген атпен де белгілі, Прованса маркизі, Триполи графы, алдындағысының ағасы
  • 1105—1109 : Бертран († 1112), Тулуза және Триполи графы, Раймунд IV (VI) бірінші әйелінен туған баласы. 1109 жылы Киелі Жерге аттанып, графтықты Альфонс Иорданға қалдырды.
  • 1109—1110 : Альфонс I Иордан (1103—1148), Тулуза графы және Прованс маркизі, Раймунд IV (VI) 3-нші әйелінен туған баласы.
  • 1098,1110—1120 : Гильом V Трубадур (1076—1126), Аквитания герцогі және граф де Пуатье
  • 1120—1148 : Альфонс I Иордан (Журден) (1103—1148), Тулуза графы және Прованс маркизі, Раймунд IV (VI) 3-әйелінен туған баласы
  • 1148—1194 : Раймунд V (VII) (†1194), алдындағысының баласы
  • 1148—1148 Альфонс II (†1175/1189), Тулуза графы
  • 1194—1222 : Раймунд VI (VIII) (†1222), алдындағысының баласы
  • 1215—1218 : Симон IV де Монфор, Лестер 5-нші графы, Безье, Агда и Каркассона виконты.

Басып алғаннан кейін Тулуза графы болды.

  • 1218—1224 : Амори VI де Монфор (†1241), алдындағысының баласы
  • 1222—1249 : Раймунд VII (IX), (†1249), Раймунд VI (VIII) баласы (4-нші әйелінен).
  • 1249—1271 : Тулузалық Жанна († 1271), Раймунд VII (IX) және Арагондық Санчидің қызы, 1241 жылы Тулуза графы, Пуатье графы, Қасиетті Людовик IX ағасы Альфонс III де Пуатьенің (1220—1271) жары.

Олар өлген соң графтық француз тәжіне тиесілі болды.

Мұрагер емес граф

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1681 жылы Тулуза графтығы король иеліг ретінде қалпына келтірілді.

  • 1681—1737 : Луи-Александр де Бурбон (1678—1737), Тулуза графы, Людовик XIV және Мадам де Монтеспанның некесіз баласы.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]