Мазмұнға өту

Торнадо

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Анадарко, Оклахома жанындағы торнадо

Торнадо (ис. tornado «құйын») — атмосферадағы ауаның айналмалы қозғалысы. Тромб диаметрі ондаған метрге жетеді. Тромб желінің жылдамдығы 50—100 м/с, ал талқандау жолағының ені жүздеген метрге жетуі мүмкін. Ауа райы ыстық кезде атмосфераның тұрақсыз стратификациясы кезінде қалыптасады. Құйын, торнадо деп те аталады.[1]

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Торнадоның үлкендігі мен пішіні алуан түрлі болады. Көбіне диаметрі жүздеген метр шұңқыр пішінді, жер беті жағында қоқыс бүлты бар болады. Кейде торнадо жаңбыр немесе шаңнан метеорологтарға көрінбей қалуы мүмкін. Бұл жағдай күтпегендіктен көптеген шығындар мен зардапқа соқтырады[2].

Тромб (фр. trombe, итал. tromba — қарақұйын, сөзбе-сөз — құбыр) - Торнадодан айырмашылығы қалыптасу жағдайларының интесивтілігінің төмендігінде. Желдің жылдамдығында тромб пен торнадода елеулі айырмашылық болады. Тромбта желдің бағыттануы көбіне басымды вертикальді болады, торнадода жел вертикальді түрғанымен бірге сол қуатымен бірдей үйірленіп құйындалады[3].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шаруашылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
  2. Walter A Lyons Tornadoes // The Handy Weather Answer Book — 2nd. — Detroit, Michigan: Visible Ink press, 1997. — P. 175–200. — ISBN 0-7876-1034-8.
  3. (ағылш.) Landspout. Glossaire météorologique (2006). Тексерілді, 22 маусым 2009.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.