Томас Пейн
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Пейн Томас (29.1.1737, Тетфорд Ұлыбритания-8.6.1809, Нью-Йорк, АҚШ)- АҚШ-тың және Ұлыбританияның қоғам және саяси қайраткері, 18 ғасырдың ағартышулары революцияшыл қанатының өкілі. 1774 жылы Солтүстік Америкаға кетті. Мұнда көп кешікпей ағылшын отарларының тәуелсіздігі жолындағы көрнекті күрескерлердің біріне айналады. АҚШ-та құлдықты жоюды талап етті. 1777-1779 жылдары П-Конгрестің шетелдер ісі жөніндегі комитетінің секретары. Ұлы француз революциясын қызу қолдады. " Адам правосы" атты трактат жазып (1791-1792), онда халық суверенитеті мен республиканизм идеясын дамытты, адам және азамат правосы жөніндегі француз Декларациясының революцияшыл принциптерін қорғады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақ Совет Энциклопедиясы