Мазмұнға өту

Технократия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A.
Робот.

Технократия ( гр. techne – кәсіп, өнер, шеберлік және kratos – билік) – қоғамдық-саяси ой бағыты. Технократия тұтас қоғамды ғылыми-техникалық ұтымдылық қағидаларымен басқаруға болады деп тұжырымдайды. Ол қағидаларды жүзеге асырушылар ретінде инжинер-техник ғалымдардың қолына билікті беру керектігін айтады.

A.
Компьятерлендіру.

Себебі, компьютерленген және роботтық техникаланған қоғамға тиімді шешімді математик, программист, экономистер ғана қабылдауға қабілетті. Олар машина тәрізді біртекті, жүйелі, догматты ойланады, түпкі мұраттары – бәсекеден жеңу, байлыққа жету. Адам машина іспеттес белгілі бір іске мамандануы, өз қызметін механизациялауы маңызды. Ал ақпараттық технология мен технологиялық революциялар өз бетімен әлеуметтік мәселелердің шешілуін және рухани жаңаруды қамтамасыз етеді. Технократияның салтанат құруының бір дәлелі ретінде бүгінгі алдыңғы қатарлы дамыған елдерде қоғамды меншік иелерінің емес, менеджерлердің басқаруын айтуға болады. Олардың «техноқұрылымына» инженерлерден бастап фирманың бас директорларына дейін кіреді. Барлық Технократия түрлерінің ортақ белгісі – әлеуметтік процестерді техника және өзге де бірсалалық өлшем негізінде басқаруға күш салу. Технократия саясаттың этикалық-рухани өлшемдерін ескермейді, мәдениеттің, өнердің, рухтың маңызын жоққа шығарып, гуманизмге жат қылықтарға негіз жасайды. Технократиялық тұжырымдар техникалық ғылымдар мен осы заманғы қоғамдық өндіріс мамандарының маңызы артқанының көрінісі болып табылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы