Мазмұнға өту

Тефтели

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Тефтели - ұнға аунатып алынған, қуырылған және бұқтырылған ет, балық және көкөніс турамаларынан дайындалған домалақ түйіршіктер; грек жаңғағынан алмаға дейін өлшемді ет немесе балық турамасынан дайындалған шар тәрізді котлеттер. Котлеттен айырмашылығы ол тек үнға (күріш немесе бидай) аунатылады және еттен басқа өнімдер (қайнатылған күріш, қызанақ, жеміс қақтары, картоп езбесі) қосылады. Тефтелидің тағы бір ерекшелігі оны соус құйып береді. Соус қуырылған пияз, қызанақ, порей пиязы, балдыркөк, сарымсақты ұн салып қоюлатқан, қаймақпен қышқылдандырған немесе қышқыл жеміс шырынын құйған ет сорпасынан тұрады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1