Терістік линнея
Терістік линнея | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Linnaea borealis ssp. longiflora
| ||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
Linnaea borealis L. | ||||||||||||||||||
Кіші тектері | ||||||||||||||||||
|
Терістік линнея (лат. Linnaea borealis) – ұшқаттар тұқымдасына жататын өсімідік. Алтайдыӊ және Көкшетау өрініӊ қыраттарына (солтүстік Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарыныӊ) жапырақты және қылқан жапырақты аралас ормадарына тән мекендеуші. Алтайда мүкті шыршалы және самырсынды ормандарда қалыӊ жамылғы құрайды. Жиі қаулап өскен күйінде кездеседі. Өсімдіктіӊ атауы белгілі ботаник, қазіргі өсімдіктер номенклатурасыныӊ авторы Карл Линнейдіӊ құрметіне берілген. 1737 жылдан бастап К.Линнейдіӊ кітаптарыныӊ алдыӊғы бетітерістік Линнейдіӊ кескінімен, К.Линнейдіӊ портреті және ата тектік таным белгісімен безендіріледі. Туыстыӊ жалғыз түрі Еуразия континентінде тараған, басқа екеуі тек Америкада кездеседі. Бұл аласа төсемелі бұташық,жұқа ағаштанған бұтақтары метрден ұзындау. Жапырағы күӊгірт жасыл, қабықты қыстайтын бұтақтыӊ бойымен қарама - қарсы орналасқан. Жапырақтыӊ сағақтары қысқа,тақтасы дөӊгеленген 2 см жиегі жалғыздап немесе 2 - 3 онша тереӊ емес тістерімен. Гүлдеп тұрған бұтақтар көтеріӊкі 15 - 20 см - ге дейін, гүлдері қосжынысты екіден, жиі үш төрттен бас жағындағы жартылай шатырға жиналған. Тостағанша түтүк тәрізді. Жіңішке бес бөлікке тарамдалған өсіңкі түйінмен. Күлтесі воронка тәрізді, қоңырау пішінді, ұзындығы 1 см. Түсі бозғылт күлгін, ақ, сирек күлгін, ашық қызыл. Қызғылт және сары дақтарымен ерекшеленеді. Аталықтары төртеу, алдыңғылары артқыларынан аздап қысқа, түйіні төрт ұялы, тек бір ұя, бір тұқым бүршігімен жетіледі. Гүлдеу мерзімі маусым - тамыз, ұзақ (гүл салатын жаңа бұтақтың пайда болуына байланысты). Тозаңдану жәндіктердің көмегімен жүреді. Олрады гүлдердің хош иісі мен гүлдердегі ашық дақтар тартады, жемісі ұлпа, жұмырқа пішінді, бір ғана тұқымды, тамыз - құркүйекте піседі. Ерекше сәндік түр,вегативті түрде көбейеді. Бұтақтары,жапырақтары және жемістері халықтық медицинада жүйке ауруларын және жұқпалы ауруларды емдеуде кеңінен қолданылады. Гүлдерді шай орнына пайдаланады. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы, республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |