Тартар
Тартар | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Porzana porzana Linnaeus, 1766 |
ТАРТАР (Porzana porzana) - қараторғайдан сәл үлкенірек, шағын денелі (80- 130 г) құс.
Биологиялық сипаттама
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бүкіл жабын қауырсыны шұбарланған қошқыл түсті болып келеді. Биік шөптердің арасымен оңтайлы жүгіреді, алайда зауықсыз ұшады да, жүзуден қашқалақтайды. Түнде өмір сүреді. «Тартар» деген атау «деуге тұрмайтын - кішкене» деген ұғымнан туса керек. Тартардың ұялау кезеңінде дөрекі жағымсыз ысқырығын іңір қараңғылығында жиі естуге болады. Ернеуі биік, ұқыпты жасалған ұясын батпақты шөптің ортасына, ылғалды шалғынға орналастырады. Салындыдағы 5-8 шұбар жұмыртқаларды ата-енелері 3 апта бойы басады. Балапандар кептірініп үлгерместен, денесін қошқыл мамық жауып, ата- енелерінің соңынан ілесуге болады.
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Орта және Оңтүстік Еуропа, Алдыңғы Азияда, Сібірде, Солтүстік-Батыс Азияда таралған. Қазақстанда шөптесін батпақта және қорықшасы (батпақтанған көмескі орын) бар жерлерде орын теуіп, республиканың солтүстік жартысында ұялайды, оқта-текте қамыста да өмір сүреді. Тартарлар Қазақстанда наурыздың аяғынан қарашаға дейін кездеседі.
Дереккөз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
- ↑ BirdLife International Porzana porzana. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.