Мазмұнға өту

Сыбызғы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сыбызғы
Суреті
Жіктелуі

Қазақтың саз аспаптары, үрмелі музыкалық аспап

Туыстас аспаптары

Қурай сыбызғы, Флейта

Сыбызғы

Сыбызғы — қазақтың үрмелі музыкалық аспабы. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 – 650 мм немесе 700 – 800 мм болады; 3 – 4 ойықты. Дыбыс қатары диатоникалық, көлемі 2 1/2 октава. Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы - халық үшін ең сүйікті аспаптардың бірі болып саналады. Ол халық музыка өнерінің ажырамас бөлігіне айналды.

Тарихы

Ежелгі заманнан бері сыбызғы шопандар арасында сүйікті аспап болған. Олар оны жайылым кезінде жалғыздықты сіңірмейтін құрал ретінде қолданды, ал кешкі үзіліс кезінде музыканттар оны ескі аңыздар - әндерді оқуға пайдаланды. Сыбызғышылар барлық үйлену тойларында және мерекелерде құрметке ие болды. Ысқырықтың кең қолданылуы оның қарапайымдылығымен байланысты.

XVIII—XIX ғасырлардағы этнографиялық еңбектерде сыбызғы жиі ауызға алынады. Ал мұның өзі сыбызғының сол кезде халық тұрмысында кеңінен қолданылғанына дәлел. Сыбызғы жайында капитан И. Андреевтің 1795 жылы жарық көрген кітабында айтылады. XIX ғасырдың екінші жартысына шейін сыбызғының барлық жерге кең тарағаны жайында белгілі зерттеуші А. Левшиннің жазбаларында да бар. Этнограф И. Липаевтың да мәлімдеуі көңіл аударарлық.

«Семей облысындағы қырғыз музыканттардың қолынан сыбызғыны көресің,— деп жазды ол.— Сыбызғы тал шыбықтан немесе басқа да сондай ағаштан жасалады. Ұш жағына, тегінде сәндік үшін болса керек, терінің жұп-жұқа қыртысымен керілген жіңішке арқан жіп байланады. Түтіктің іші жақсылап ойылып, асқан шеберлікпен өңделген. Дыбыс шығаратын тесік үшеу ғана, ойнаған кезде саусақтың ұшымен ашылып-жабылады».

Өткен ғасырдың аяғына қарай Қазақстанның бір қатар өңірлерінде бұл аспап тым сиреп кетеді. Сыбызғының әр түрлі облыс тұрғындарының арасында бір мезгілде емес, біртіндеп жоғалғанын этнографтардың көптеген мәліметтерінен аңғаруға болады. Мысалы, Түркістан өлкесін жете зерттеген этнограф П. Тихов былай деп мәлімдейді:

«Түркістанда он екі жыл тұрып, сыбызғыны бір-ақ рет көре алдым, онда да тек көзім шалып қалғаны болмаса...»

Бұл өлкеде сыбызғының жоғалуын ол екі түрлі себеппен байланыстырады: жергілікті жердің табиғатында сыбызғы жасайтын өсімдіктің болмауы және онда ойнаудың қиындығы.

XVIII ғасырдың екінші жартысында атақты ғалым И. Лепехин өзі Орал қазақтарынан көрген бір тамаша сыбызғы жайында жазып қалдырыпты:

«Ол түтікті, қалмақтар цур, татарлар курай, ал Жайық қазақтары (бұл аспап оларда да бар) осы күнбағыс сабағын сыбызғы деп те атайды... Бұл аспаптың жіңішке ұшында үш ойық бар, оларды музыкант бір қолының үш саусағымен кезекпе-кезек ашып-жауып тұрады, ал екінші қолымен, қажет болған кезде түтіктің төменгі жағындағы сопақша ойықты жабады. Түтіктің кең аузын жоғарғы тіске тақайды да жоғарғы ерін мен тілге тигізеді. Мұндай аспапта ойнау үшін ерекше жаттығу керек: егер оны шебер күйші тартса, онда даусы шағын флейтравестінен аумай шығады».

Бұл суреттеудің біз үшін бағалылығы сол, мұнда ойнау тәсілдері айтылған. Әсіресе, түтіктің төменгі ойығын ашып-жабу арқылы қосымша дыбыс шығаруға болады дегені назар аударарлық, өйткені біз мұндай тәсіл сыбызғы ойнағанда қолданылатынын білеміз.

А. Гейнс сирек кездесетін құбылысты — сыбызғының сүйемелдеуімен ән салғанды көрген. Бұл жайында ол былай деп жазады:

«...Қоңыр салқын кешкі мезгілде, сондай-ақ түнгі айдың жарығында уақыттарын әрдайым үй іші болып әңгіме-дүкен құрып, сауық-сайран салумен өткізеді, мұндайда олар ара-арасында өздері жақсы көретін аспап «джабьязгының» көбінесе тамылжыта салған әнмен сүйемелдейтін мұңды сазына рахаттана құлақ түреді».

КСРО халықтары этнографиясының мемлекеттік музейінде қорабы бар екі сыбызғы сақтаулы. Олардың бірін Шоқан Уәлиханов сыйға тартқан екен.

Семейдегі Абайдың Республикалық әдеби-мемориалдық музейінде инвентарлық № 415 кітапта былай делінген:

«Қазақтың флейтаға ұқсас бұл музыкалық аспабы екі шағын ағаш науадан жасалынған, науалардың қуыс жақтары бір-біріне қаратылып, сыртынан қойдың немесе ешкінің өңешімен қапталған. Түтік төменгі ойыққа қарай жіңішкере түседі, төменгі ұшында үш ойық бар».

Сыбызғы бақташылардың ең сүйікті аспабы болған. Оны жасау көп уақыт алмайды: тәжірибелі шебер 10—15 минутта жасап алады. Бұл үшін ұзындығы 500—700 мм қурай кесіп алынады, оның үш-төрт жерін тесіп ояды. Бірінші ойық түтіктің ұшынан алақанның еніндей жерден ойылады. Келесі ойықтың аралығы одан гөрі тарлау алынады, яғни бір-бірінен төрт елі қашықтықта болады. Алайда мұндай өлшем дыбыстың анық шығуын жеткізбейді, сондықтан күйші ойнаған кезде дыбыстың тазалығын ерінді қимылдату арқылы реттеп отырған. Қурайдан немесе ағаштан жасалған. Ауа толқыны жақсырақ таралу үшін түтіктің кең ұшын сүйірлеген. Даусы жақсы шығатын болуы үшін ойнар алдында сыбызғының ішін сулайды.

Өндіріс

Бұл үшін ұзындығы 500—700 мм, қурай кесіп алынады, оның үш-төрт жерін тесіп ояды. Бірінші ойық түтіктің ұшынан алақанның еніндей жерден ойылады. Келесі ойықтың аралығы одан гөрі тарлау алынады, яғни бір-бірінен төрт елі қашықтықта болады. Алайда мұндай өлшем дыбыстын, анық шығуына жеткізбейді, сондықтан күйші ойнаған кезде дыбыстың тазалығын ерінді қимылдату арқылы реттеп отырған. Қурайдан немесе ағаштан жасалған. Ауа толқыны жақсырақ таралу үшін түтіктің кең ұшын сүйірлеген. Даусы жақсы шығатын болуы үшін ойнар алдында сыбызғының ішін сулайды.Орындаушылық шеберліктің артуы нәтижесінде аспаптың құрылысы өзгертіледі. Бүйірлік ойықтар пайда болды.

Сыбызғы(Қамыстан жасалған)

Аспапты қурай мен ағаштан жасаумен бірге темірден де жасаған. Металдан жасалған сыбызғыны этнографтар 1860 жылдары-ақ тапқан.

Аспапты бір жағы ұзына бойына қуыс бюлып келетін екі ағашты беттестіріп жасалған қорап ішіне сақтаған. Беттестірілген екі ағаш не темір шеңбермен немесе ағаштың қабығымен құрсауланған. Қораптың бір жақ ұшы былғары белбеу тағылған тығынмен жабылады. Өне бойы ат үстінде жүрген шақта сыртындағы мықты қабы нәзік аспапты сынып қалудан сақтаған. Орындаушылық шеберліктің артуы нәтижесінде аспаптың қүрылысы өзгертіледі. Бүйірлік ойықтар пайда болды. Бұл күндері сыбызғышыны тек Шығыс Қазақстан облысынан ғана кездестіруге болады. Сыбызғы Қазақстанның Батыс аудандарында ертерек жоғалған, онда белгілі сыбызғышыларды 1930 жылдары ғана көруге болатын еді. Бұдан байқайтынымыз, біздің ғасырымыздың басында-ақ бүл өңірде сыбызғы жоғалып біткен.

Құрылымы

Сыбызғының диатоникалық дыбыс құрылысы түтіктің ұзындығына, ойықтардың саны мен орналасуына байланысты. Үш ойығы бар аспаптың негізгі төрт тоны болады. Ол түтіктің өзінен және үш ойығынан әрқайсысынан бес-бестен қосымша дыбыс шығады. Сөйтіп, үш ойықты сыбызғы жиырма түрлі дыбыс шығаруға мүмкіндік береді екен. Сыбызғының диапазоны үш регистрге бөлінеді: төменгі, орта және жоғарғы. Халық күйлері көбіне орта регистрде орындалады.Дыбыстың өзгеруі түтіктегі ойыққа және үрлеуге байланысты. Төменгі регистрдегі дыбыстарда ауа толқыны бәсеңдейді, ал орташа және жоғарғы регистрдегі дыбыстарда күшейеді. Сыбызғыда төменгі дыбыстар ақырын шығады, тембрі жүмсақ келеді, ал жоғарғы ноталар — қатты да ащы естіледі.

Нота жазуы

Дыбыстың өзгеруі түтіктегі ойыққа және үрлеуге байланысты. Төменгі регистрдегі дыбыстарда ауа толқыны бәсеңдейді, ал орташа және жоғарғы регистрдегі дыбыстарда күшейеді. Сыбызғыда төменгі дыбыстар ақырын шығады, тембрі жүмсақ келеді, ал жоғарғы ноталар — қатты да ащы естіледі. Сыбызғының диатоникалық дыбыс қүрылысы түтіктің үзындығына, ойықтардың саны мен орналасуына байланысты. Үш ойығы бар аспаптың негізгі төрт тоны болады. Ол түтіктің өзінен және үш ойығынан әрқайсысынан бес-бестен қосымша дыбыс шығады. Сөйтіп, үш ойықты сыбызғы жиырма түрлі дыбыс шығаруға мүмкіндік береді екен. Сыбызғының диапазоны үш регистрге бөлінеді: төменгі, орта және жоғарғы. Халық күйлері көбіне орта регистрде орындалады. Сыбызғыда ойналатын күйлер аспаптын, диапазоны мен техникалық мүмкіндіктеріне тығыз байланысты болады. Күйлер негізінен әуезді. Әдетте қысқа фраза әр түрлі нүсқада бірнеше рет қайталанып отырады.

  • Төменгі регистрдің дыбыс қатары: кіші октаваның ля, си нотасы, бірінші октаваға до-диез, ре-диез нотасы.
  • Орта регистрдің дыбыс қатары: бірінші октаваның ля, си; екінші октаваның до-диез, ре-диез, ми, фа-диез, соль-диез, ля нотасы.
  • Жоғарғы регистрдің дыбыс қатары: екінші октаваның ля, си; үшінші октаванын, до-диез, ре-диез нотасы.

Аталған аспаптың, яғни сыбызғының негізгі дыбыстары мен дыбыс қатары әр түрлі болып келетіні оның ішкі құрылысына байланысты болады. Сыбызғының регистрі неғүрлым төмен болса, соғүрлым жоғары регистрдің дыбыстарын алу жеңіл келеді де, ал төменгі регистр соғұрлым баяу естіледі. Және керісінше, регистрі неғұрлым жоғары болса, соғүрлым жоғарғы дыбыстарды алу қиындайды, ал төменгі регистрі күштірек естіледі. Шығыс Қазақстан облысынан әкелінген үш ойығы бар сыбызғының дыбыс қатары мынадай: бірінші октаванық до, ре, ми, фа-диез нотасы. Батыс Қазақстандағы төрт ойықты сыбызғының дыбыс қатары: кіші октаваның ля, си, бірінші октаванын, до-диез, ре-диез, фа ноталары болады.

Күй

Шығыс Қазақстан облысынан бізге жеткен күйлер көбінесе әнге үқсас. Батыс Қазақстанның сыбызғыда ойналатын күйлері формасының күрделілігімен, диапазонының кеңдігімен ерекшеленеді және аспаптық күйге жақынырақ болып келеді.

Халық музыканты бүл аспапта ойнау кезінде кейде төменгі регистрде бурдон сияқты болып естілетін дыбыс шығара алған. Сонда өзгеше тембр пайда болады.

Домбыра мен қылқобыз секілді халық ішінде жиылмалы сыбызғы да кездескен. Иесі Ысқақ Уәлиев болған нақ осындай сыбызғы жайында. А. Жұбановтың «Ғасырлар пернесі» еңбегінде айтылады.

Сыбызғышылар өзгеше тәсіл қолданған, яғни түтіктің төменгі ойығын алақанымен немесе саусақтың жұмсақ етімен басып түрған, сондықтан аспаптың көлемі орындаушының қолының үзындығымен де байланысты болған. Төменгі бірінші ойықты оң қолдық бас бармағымен басқан, екінші және үшінші ойықтары сол қолдың сүқ саусағымен және шынашақпен басылған. Түтіктегі төртінші ойық оның сыртқы жағынан ойылған және сол қолдың бас бармағымен жабыдады. Кейбір орындаушылар аспапты сол қолына алып ойнайтын болған, ондай шақта ойықтардың саусағымен жабылатыны тиісінше өзгереді.

Бүйірінде ойықтары жоқ түтікпен үрлеу арқылы бірнеше обертонды дыбыстарды шығаруға боладьь Түтік ұзын әрі жуан болған сайын обертонды дыбыстары көбірек болады. Үзындығы 720 мм, жерде диаметрі 175 мм түтікті үрлегенде мынадай дыбыстар шығады: октаваның ля, бірінші октаваның ля, екінші октаваның ми, ля, үшінші октаваның до-диез, ми ноталары.

Бүдан басқа, төменгі ойығын саусақпен жауып түру арқылы түтіктен тағы бірнеше обертонды дыбыс алуға болады. Бүйірлік ойықтар пайда болғанға дейін қолданылған бүл ескі тәсілді сыбызғышылар күні бүгін де қолданады.

Бұл дыбыс қатары қарапайым әуенді ойнауға мүмкіндік береді.

Заманауи қолдану

1934 жылы Қүрманғазы атындағы оркестрдің құрамына Халық орындаушыларының Бірінші бүкіл Қазақстандық слетіне қатысқан музыканттар алынды. Қазақстанның түрлі аудандарынан, орындаушылық дәстүрлері әр қилы, музыкалық білімдері жоқ және өзгелермен қосылып ойнап көрмеген музыканттардан оркестр коллективін үйымдастыру жас жетекші А. Жұбановқа оңай бола қойған жоқ. Оның үстіне аспаптар да ансамбльмен орындауға икемделмеген болатын. Сыбызғыда Ысқақ Уәлиев ойнады. Ысқақ сегіз жасынан бастап сыбызғы тартуды үйренген екен. Онын, әкесі Уәли атақты сыбызғышы Сарымалайдың шәкірті болыпты. Ысқақтың репертуарына мына күйлер енді: «Қара жорға», «Қоңыр», «Шонай», «Мүңды к,ыз», «Сансызбай» және басқалар. Талантты музыкант Ысқақ өзі де күй шығарған. Олар: «Толқын» және «Кербез».

Сыбызғыны оркестрлік аспап ретінде пайдаланған шақта музыкант бүл аспаптың тым қара дүрсінділігі салдарынан көп қиыншылыққа кездескенін айту керек. Ал бұл шақта домбыра мен қобыз оркестрге қосылған соң-ақ тез дамып, жетіле түсті. Олардың техникалық мүмкіндік- тері өскен сайын оркестрдің репертуары да күрделілене берді. Осының бәрі сыбызғыны қайта жетілдіріп жасауды талап етті.

Осы кезеңде сыбызғыны жетілдіруде алғашқы қадамдар жасалынады. Белгілі музыка шебері И. Романенко бұл аспапты оркестрде ойнау үшін жетілдіру ісімен айналысты. Бүл мақсатқа жету үшін ең әуелі сыбызғының оркестр репертуарына сәйкес болуын қарастыру керек болды. Бірақ оркестрдің бүрауы ол кезде әлі белгіленіп болған жоқ еді. Оркестрдің жалпы даусын күшейту үшін алдымен домбыраның жалпы даусын күшейту қажет болды. Әуелгі кезде сыбызғыны оркестрде пайдаланғанда тек халық күйлерінде қолданды. Ал Қазақстан композиторлары шығармаларының партитурасына келгенде іс қиынға айналдьі. Ы. Уәлиев негізінен қурайдан жасалған сыбызғымен ойнаған-ды. Ол сыбызғыны жай ғана тыңдай отырып күйге келтіретін. И. Романенко оған ағаштан бірнеше сыбызғы жасап берген еді, алайда олар қазір ені жерде жоқ. Бұл шебердің 1936 жылы металдан бес ойықты етіп жасалған бір сыбызғысы бүл күнде Москвада М. Глинка атындағы музыкалық мәдениеттің орталық музейінде сақтаулы.

1939 жылы бес ойықты етіп жасалған тағы бір сыбызғы Алматыда Орталық мемлекеттік музейде сақтаулы тұр. Бүл аспап өзінің үнімен 1936 жылғы жасалған нұсқаға келеді. Бүйірдегі ойықтардың диаметрі—10 мм. Ол сыбызғының дыбыс қатарын анықтағанымызда былай болып шықты. Кіші октаваның ля, си, бірінші октаванық до-диез, ре, ми, соль ноталары.

Төмендегі регистрдің өзгеше тембрі бар, бірақ үні тым баяу шығады. Бірінші октаваның ре мен соль дыбыстарынан басқасы таза естіледі. Сыбызғының даусы ортаңғы регистрде күштірек шығады. Тембрі жүмсақ. Жоғарғы ноталар үшінші октаваның ми, фа, соль ноталары ащы дауыс шығара бастайды.

Сөйтіп, бес ойықты сыбызғының дыбыс қатары мынандай: Аспапты жаңғыртып қайта жасағанда ойықтары, дыбыс қатары неғүрлым жүйелі болып келетіндей етіп орналастыру қажет. Зерттеу барысында төрт ойығы бар сыбызғыда дыбыстардың мынадай жүйесі белгілі болды: кіші октаваның ля, си; бірінші октаваның до-диез, ре, ре-диез ноталары.

Аспаптардың қолда бар нүсқаларын зерттей отырып, біз төмендегідей қорытындыға келдік, 1939 жылға дейін сыбызғы оркестрде ойнау үшін жеткілікті түрде жетілдірілмеген.

Ысқақ Уәлиев1941 жылы майданға аттанғанда өзімен бірге мыстан жасалған сыбызғыны ала кеткендігі белгілі. Бірақ ол сыбызғы туралы бізде ешқандай мәлімет жоқ.

Қүрманғазы атындағы консерваторияда 1945 жылы қазақтың халық аспаптары факультеті ашылғаннан кейін Ахмет Қуанұлы Жұбанов сыбызғы класын ашпақшы болған. Алайда сыбызғышы маманнын, жоқ болуына байланысты іс нәтиже көрсетпеді. 1961 жылы оқытушылыққа халық сыбызғышысы О. Қожабергенов шақырылады, ол кісі өз өнеріне студенттерді 2 жыл бойы үйретеді.

Сыбызғы ойнауды үйренудің анағүрлым күрделі процестерінің бірі одан майда қоңыр әрі ашық дыбыс шығара білу. Ойнаған кезінде түтіктің кең жағындағы тесігін үстіңгі тіске тигізеді. Жоғарғы ерін ауаны сыртқа шығармай тісті жауып тұрады. Тілдің үшын түтікке тигізгенде онымен жоғарғы тістердің арасында сәл саңылау болуы қарастырылады. Осы саңлауға келген ауа толқыны түтіктің шет-шетіне соғылады да қайта серпіле отырып дыбысқа айналады. Егер ойықтын, диаметрі 13—20 мм төңірегінде болса дыбыс оңай шығады. Неғүрлым қолайлы диаметрі — 17-18 мм.

Дыбыстың асқақ естілуі ауа толқынының күшіне байланысты, сондықтан орындаушының тынысы кең болуы шарт. Егер ойналатын ойықты жартылай ашық ұстаса дыбыс жарты тонға көтеріледі.

Ағаш сыбызғыны көптеп жасап шығару үшін көлемі жағынан стандартты түтіктерді көптеп өндіретін өндіріс орны қажет. Ойықтардың белгілі бір бірыңғай жүйесін жасап шығару сонда ғана мүмкін болмақ.

Қурайдан сыбызғыны көптен жасап шығару бір есептен мүмкін емес, өйткені қурай сыбызғының ішкі қуысы біркелкі болып келмейді ғой. Мұндай жағдайда түйықтан шығудың бір жолы жез түтіктен сыбызғы жасау.

Біз нақ осындай түтіктен бірнеше сыбызғы жасап тексеріп көрген едік. Олардың үзындығы —503 мм, ішкі диаметрі —13,6 мм болып келген бірінен екінші октаваның ми-бемоль дыбысы алынды. Оны 49 мм-ге кішірейткенде дыбыс күшейіп, екінші октаваның фа нотасына дейін көтеріледі. Осы тәжірибенің нәтижесінде көлемі әлгіндей түтіктердегі ойықтардың ара қашықтығы қандай болуға тиісті екені анықталды.

Түтіктен дыбыс шығаруда сыбызғының бүйіріндегі ойықтар диаметрінің ролі айрықша. Сыбызғыда жеңіл ойнау, дыбыстын, тазалығы, тембрдің жағымдылығы көбінесе осыған байланысты. Алғаш рет тәжірибе жүргізілгенде ойықтардың диаметрі 5 мм болғанды. Бүл жағдайда орта регистрден дыбыс алу қиынға соқты, ал жоғарғы регистрде дыбыс мүлде өшіп қалды. Ойықтың диаметрі кіші болған сайын ауа тасқынын күштірек беру қажет. Ал мүның өзі ерін аппараты бүлшық еттерінің ширығуын, туғызады, тембрді күрт қатайтып жібереді, дыбыстың таза болуын бүзады. Кейбір дыбыстар шықпай қалатыдықтан шапшаң келетін пассаждарды орындау мүмкін емес. Егер ойықтың диаметрі 7 мм-ге дейін кеңейтілсе ойнау жеңілдейді, тембр жұмсарады, демді қатты-қаттышығарудың қажеті болмай қалады. Бұдан әрі ойықтардың диаметрі 11 мм-ге дейін кеңейтілді. Сонда жоғарғы регистрдегі дыбыс жүмсақ естілді, аспап дем шығарудағы сәл-пәл өзгерістердін, өзіие де ыңғай білдіріп ырыққа көніп отырды. Жүргізілген тәжірибелер сыбызғыда шебер ойнау оның ойықтарының көлеміне байланысты болатынына көз жеткізді.

Аспапты күйге келтіруді орта регистрден бастаған жөн. Сонда жоғарғы регистрдің дыбысы интонациялық жағынан біршама жоғары шығатын болады, ал төменгі регистрдікі төменірек болады. Бүл регистрлердің тазалығы ерінді қимылдату арқылы реттеледі. Күйге келтірудің бүл әдісі барлық регистрлерде де интонацияның тазалығына қол жеткізеді.

Егер түтіктің төменгі тесігін алақанмен немесе ортаңғы саусақпен жауып ойнаса, онда бүйірдегі ойықтарға бас бармақ қана қалатын болғандықтан біраз қиыншылықтар туары сезсіз. Тәжірибе жүргізіп көру үшін түтіктін, төменгі тесігі жабық етіп жасалынды. Мүндай жағдайда бүйірдегі төменгі ойығы түтіктін, төменгі тесіктің ролін атқарады. Айырмашылық мынада ғана, бүйірдегі бұл ойықты жабу төменгі түтіктің тесігін жабудан гөрі әлдеқайда оңай. Жабық түтіктің үзындығын таңдағанда бүйірдегі төменгі ойықты ашып-жапқан кезде аспаптың дыбыс қатарын байытатын обертонды дыбыстар пайда болуын қарастыру керек. Мысалы, егер түтіктегі бірінші ойықты_ кіші октаваның ля, ал ашық түтікті сольға келтірсе, онда түтікті ашып-жапқан кезде кіші октаваның ля, ал ашық түтікті сольға келтірсе, онда түтікті ашып-жапқан кезде кіші октаваның ми дыбысы алынады, яғни, ля-дан жоғары квинта пайда болады.

Бұрынырақта сыбызғыда орындалған көптеген күйлер «шертпе» мәнінде тартатын домбырашылардың репертуарында сақталып қалғанын көреміз. Мүны сол орындаушылардын, өз аузынан естідік. Әдетте сыбызғышы мұндай күйлерді тек домбырамен ғана тартылатын күйлерден оп-оңай ажыратады. Сыбызғымен орындалатын күйлер өте әуезді, диапазоны шағын болып келеді. Халық ішінде сыбызғының күйлерін домбырамен қосылып орындаған. Бүлайша қосылып орындағанда домбыраны сыбызғыда тартылатын күйдің ыңғайына келтіріп бүрауын өзгертеді. Бұл ретте көбінесе домбыраны квинтаға келтірген жөн.

1967 жылы Таулы Алтай автономиялы облысының Қосағаш ауданындағы қазақтардың арасында болып, халық музыкасы мен музыкалық аспаптарын жинағанымызда Монғол Халық Республикасының Баянүлгі аймағынан осында келіп концерт қойып жүрген қазақ артистерін кездестірдік. Олардың халық аспаптары оркестрі домбырашылар, қобызшылар, сондай-ақ сыбызғышылардан құралған екен. Біз сыбызғышы Калек Қумақаев пен домбырашы Ахмет Ыбыраевтың қосылып тартқан дуэтін алғаш рет осында еетідік. Олар орындаған халық күйлері: «Кербез қыз», «Фатима», «Бөкен жарғақ» және А. Ыбыраевтың «Ой толқыны». Ертеде сыбызғышы Ы. Уәлиев пен қылқобызшы Д. Мықтыбаевтың қосылып тартқаны белгілі. Олардың репертуарында қазақтың халық әндері «Saypern», «Ахау Бикем» және басқалар бар.


Жоғарыда айтылғандай көп уақыт үмыт болып, тоқтап қалғаннан кейін ақыры әр түрлі музыкалық аспапта қосылып ойнау дәстүрі қайта өмірге келді. Бұл жолы Д. Мықтыбаев пен осы кітаптың авторы дуэт қүрады. Бұрынғыдағыдан бір өзгешелігі, біз күйлерді тартып үйрене бастадық. Алғаш 1970 жылы Алматы облысына гастрольдық сапарға шыққанымызда Ықыластың «Қамбар батыр» күйін орындаған едік. Кейінірек Ықыластың және бір күйін «Кер толғауды» дуэтке салдық. Тембрі, әуені, ойнау тәсілі, дыбыстың күші жағынан сыбызғы мен қылқобыз жақсы үйлесім табады. Оларда орындалатын күйлердіқ сипаттары жағынан бір-біріне үндес болып келуі де осы екі аспапты ойдағыдай дуэтке қосуға жағдай жасайды.

Сыбызғы мен шаңқобыздың дуэті де жарасымды. Бұрын мүндай дуэттің болған-болмағаны жайында біздің қолымызда ешқандай дерек жоқ. Бүл екі аспаптың үнін үйлестіру тіптен оңайға да түспеді. Шаңқобыз, сыбызғыда ойналатын мелодияның регистріне қарай күйге келтірілуі тиіс. Қосылып ойнағанда сыбызғы жетекші ролін атқарады да, шаңқобыз сүйемелдеу қызметін атқарады. Әсіресе, ырғағы ашық-айқын күйлер мен әндер бүл дуэтке жақсы келеді.

Профессор А. Жұбановтың айтуына қарағанда, сыбызғышы Ысқақ Уәлиев оркестрде түтігі кіші октаваның сибемольіне келтірген және дыбыс қатары минорлық болған сыбызғымен ойнаған көрінеді. Біз тәжірибеде көз жеткізу үшін нақ осылайша күйге келтірілген сыбызғы жасадық. Аспаптың қүлақ күйін әр түрлі тонда тексеріп көргеннен кейін халық күйлерін оркестрде орындау үшін бұдан қолайлысы жоқ екен деп таптық.

Сонымен қатар оркестрде негізгі тонын кіші октаваның фа дыбысына келтіруге болады.

Сыбызғыны жасау процесін баяндай кетелік. Ұзындығы—797 мм, жуан жақ ұшынық диаметрі—17 мм, жіңішке жақ үшының, диаметрі—11 мм, ішкі қуысы тазартылған қурайды алып, оның жуан жақ үшын сүйірледік. Сонда түтіктің негізгі дыбысы кіші октаваның соль дыбысы болып шықты. Қүлан күйін си-бемольға дейін көтеру үшін түтікті жіқішке жағынан 121 мм қысқарту жәнетөрт ойық жасау қажет болды. Ойықтардың ара қашықтығын тәжірибе жүргізіп барып анықтадық.

Негізгі дыбысы — кіші октаваның ля дыбысы болып келетінін, бүрынғыларына қарағанда, бүл сыбызғы төменгі регистрде күштірек және жоғары регистрде анығырақ дыбыс береді. Аспаптың диапазоны кіші терцияға ұлғайтылды. Ойнаған кезде түтіктің үшы тіске тигеннен қайрылып қалуы мүмкін, ал енді мүны болдырмау үшін түтіктің үшына мүштік кигізіп қойған жөн.

Оркестрде негізгі тондары әр түрлі бірнеше сыбызғыны пайдалануға болады.

Егер сыбызғының бүйіріне бес ойық ойылатын болса, онда бесінші ойықты бірінші мен екіншінің аралығына жасау керек, сонда бірнеше қосымша дыбыс алынатын болады. Бес ойықты түтік орта және жоғарғы регистрлерде дыбысты хроматикалық түрғыда жүйелеп шығарады. Алты ойығы бар түтік тек *'орта регистрден ғана хроматикалық, дыбыс қатарын туғызады. Алтыншы ойық бірінші ойықтан төменірек жасалмақшы. Моңғолиядағы қазақтардың ішінде күні бүгін де сыбызғы ойнайтындары көп көрінеді.

Сыбызғының төменгі регистрінен бастап хроматикалық дыбыс қатарын алу үшін, он бір ойық керек, ол үшін клапандар болуы шарт. Осылайша бүл аспаптың оркестрдегі техникалық мүмкіншіліктерін кеңейтуге әбден болады.[1]

Дереккөздер

  1. Мәдениеттану негіздері: Окулық. - Алматы: Дәнекер, 2000. ISBN 9965-485-34-8