Мазмұнға өту

Суперзұлым

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Суперзұлым — комикстерде, экшн фильмдерде және ғылыми фантастикаларда болатын зұлымның бір типі. Әдетте суперзұлымдардың күші суперқаһармандардың күшімен шамалас болады. Ал керемет күштен ада суперзұлымдар көбіне аса жоғары интелектке ие. Осы интелект арқылы олар қарсыластарына қарсы тұру үшін миға сыйымсыз қондырғыларды ойлап табады. Көбіне суперзұлымдар диктаторлар, гангстерлер және шын өмірдегі лаңкестермен ортақ мінездемелерді иеленеді[1][2].

Ең бірінші суперзұлымдардың бірі 1862 жылы Поль Феваль ойлап тапқан Джон Девил, прото-Фантомас. 1891 жылы Артур Конан Дойль ойлап тапқан профессор Мориарти пайда болды. Ол Шерлок Холмстың бітіспес жауы еді. Сакс Ромер жасаған Доктор Фу Манчу суперзұлымдардың ізашары деп есептелінеді. Өйткені ол садисттік бейімділікке ие болып, әлемнің қожасы болғысы келген, жауларына арнайы тұзақтар құрған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]