Субдукция

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Субдукция — спрединг процесі нәтижесінде континент жағалауларына жылжып жеткен мұхиттық литосфераның сол литосфера қозғалысына қарсы бағытталған немесе "тыныш тұрған" континенттік литосфера астына қарай сұғынуы. Литосфералық тақталар тектоникасы геотектоникалық тұжырымдамасының негізгі төрт қағидасының (континенттер ығуы, спрединг, субдукция және коллизия) бірі болып табылатын бұл процеске сәйкес, төмен сұғынған мұхиттық литосфера мен оны көмкерген континенттік литосфераның бір-бірімен тоқайласуы (үйкелісі) Беньофф-Заварицкий-Вадати белдемі деп аталатын арнаулы құрылымдар жиынтығының қалыптасуына себепші болады. Белсенді мұхит жағалауларында ғана қалыптасқан мұндай құрылымдар жиынтығына жататын құрылымдар шұңғыл науалар жататын құрылымдар шеткі теңіздер.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2