Спарта
Спарта (көне грекше: Σπάρτη, лат. Sparta), немесе Лакедемóн (көне грекше: Λακεδαίμων, лат. Lacedaemon) — Балқан түбегінің оңтүстік бөлігіндегі Пелопенес аймағында орналасқан ежелгі грек қала-мемлекеті (полис), алғашында Эврот өзенінің алабында (Лаконика аймағы) орналасқан, кейін б.з.б. 6 – 1 ғасырларда Пелопоннестің оңтүстік бөлігін қамтыған. Б.з.б. 12 ғасырда Оңтүстік Грекия жеріне дорийліктер басып кірген. Олар Лакониканы жаулап алып, Спарта мемлекетінің негізін қалаған. Спарталықтар бірте-бірте осы аймақтарды жаула бастады. Б.з.б. 7 ғасырдың ортасында Мессения алқабын да басып алды. Олар əскери лагерь құрып, соның негізінде Спарта қаласын салды. Дорийліктер өздерінің басты қаласы Спартаның атымен спарталықтармыз деп атады.
Мемлекеттік құрылым
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Гомердің “Илиада” шығармасына қарағанда, Спарта Лакониканың ахейялық 12 қауымының бірі. Б.з.б. 12 ғасыр шамасында дорийліктер Пелопоннеске басып кіріп, Спарта қоныстарын қиратты. Археологиялық мәліметтер бойынша жаңа дорий қонысы Спарта деген атпен б.з.б. 10 – 9 ғасырларда басқа жерде – Эврот өзеннің жағасында пайда болған. Б.з.б. 8 – 6 ғасырларда Спарта көрші аймақтар: батыста Мессанияны, шығыста Клаурияны жаулап алды. Спартаның барлық жері мемлекеттік меншігіне алынды. Бұл жерлер Спартаның толық құқылы азаматтары – спарталықтарға мұра ретінде пайдалануға берілді. Жерді басыбайлы құлдар – илоттар өң-деді. Ал Спартаның бұрынғы жергілікті халқы – периэктер (жеке басы ерікті, бірақ саяси құқы жоқ) қолөнермен және саудамен айналысты.
Спарталықтардың өздері жеті жасынан әскери қызметке тартылды. Спартаның саяси құрылысы рулық-тайпалық сипатта болды. Халық жиналысы (апелла) жоғарғы орган саналды. Мемлекетті екі әулеттен (Еврипоний және Ашад) шыққан екі патша басқарды. Олар әскери жасақтарға жетекшілік етіп, бірқатар діни міндеттерді жүзеге асырып отырды, ал ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды мәселелерін ақсақалдар кеңесі (герусия) шешті. Экономикаалық жағынан Спарта қолөнер мен саудасы нашар дамыған, рулық қатынастар сақталған аграрлық қауым болды. Сәулет өнері мен өнерге мән берілмеді. Заңдар өте қатал болып, тәуелді халықты аяусыз қанады. Б.з.б. 6 ғасырдың аяғында Спарта Пелопоннес одағын басқарып, бүкіл Грекияда билік жүргізу үшін Афинымен Пелопоннес соғысын (б.з.б. 431 – 404) жүргізді. Спарта жеңіске жетіп, біраз уақыт Грекияда үстемдік құрды. Бірақ билеушілердің ішкі дағдарысы Спартаның соғыс күшін әлсіретті. Ол б.з.б. 371 – 362 жылы болған соғыстарда өз қарсыластарынан күйрей жеңілді. Б.з.б. 338 жылы Спарта Македонияға, ал 146 жылы Римге бағынып, мемлекет ретінде жойылып кетті.
Қызметтер мен билік органдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Апелла — халық жиналысы (жасы 30-ға жеткен толық құқықты ер спартиаттар)
- Спарта патшалары — Спартаны екі әулеттен екі патша билеген: Агиадтар мен Эврипонтидтер. Екі әулет те Аристодем патшадан тараған. Соғыс кезінде біреуі жолға шыққан, екіншісі қаланы басқаруға қалған.
- Эфорлар — сайлаулы лауазымдар. Олардың қолында сот билігі болды (5 эфор болған, соғыс кезінде екеуі патшамен аттанған).
- Герусия — Спартадағы жоғарғы билеуші орган, ақсақалдар кеңесі. Герусия 30 адамнан тұрады (28 геронттар және 2 патша)
- Наварх — әскери лауазымның жоғарғы түрі. Наварх спартандық кемелер билеп және жақсы өкілетік болған
- Гиппагреттар және 300 атты әскер корпусы.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- XI ғасыр б.з.б — Спарта қала-мемлекет құрылуы.
- X ғасыр б.з.б — Дорийліктер Лакония аумағын жаулады. Жарты тұрғын - ахэйліктерді периэктерге айналдырды (Политикада күші жоқ, бірақ тәуелсіз азамат), ал қалғандарын илоттарға айналдырды (мемлекеттік құл); дорийліктер билеуші спартиаттар болды.
- IX ғасыр б.з.б — Ликург басқару заңдары Спартаны әскери күшті мемлекетке айналдырды.
- 743 — 724 жылдар б.з.б — Бірінші Мессения соғысы. Спарта Мессенаның бір бөлігін жаулады.
- 685 — 668 жылдар б.з.б — Екінші Мессения соғысы. Спарта Мессенанны түгелдей жаулады.
- 500 — 449 жылдар б.з.б — Грек-парсы соғыстары.
- 480 жыл б.з.б. — Фермопиль шайқасы. 300 спарталықтар ерлігі.
- 479 жыл б.з.б. — Платея түбіндегі шайқас. Спарталықтар мен одақтас мемлекеттердің жеңісі.
- 479 — 464 жылдар б.з.б — Тегеатидамен соғыс, Спартаның жеңуімен аяқталады.
- 464 — 455 жылдар б.з.б. — Үшінші Мессения соғысы(Мессениядағы илоттар көтерілісі).
- 460 — 445 жылдар б.з.б — Пелопоннесс соғысы. Афина мен Спартаның 30 жылға соғыс тоқтату келісімі.
- 457 жыл б.з.б — Танагр түбіндегі шайқас. Спарталықтар мен одақтас мемлекеттердің жеңісі.
- 431 — 404 жылдар б.з.б — Пелопоннесс соғысы. Спарталықтар афиндықтарды жеңіп Грекиядағы доминантты мемлекет болды.
- 427 жыл б.з.б — Спарталықтардың Платейді жаулап, тұрғындардың көп бөлігін жойды.
- 425 жыл б.з.б — Пилос түбіндегі спарталықтардың жеңілісі.
- 422 жыл б.з.б — Амфиполе түбіндегі шайқас. Спарталықтар мен одақтас мемлекеттердің жеңісі.
- 418 жыл б.з.б — Мантинея түбіндегі шайқас. Спарталықтар жеңісі.
- 395 — 387 жылдар б.з.б — Коринф соғысы. Спарта мен Парсы жеңісі.
- 371 жыл б.з.б — Левктрах түбіндегі шайқас. Спарта Фивамен шайқаста күшін жоғалтады.
- 362 жыл б.з.б — Мантинея түбіндегі шайқас. Спарталықтар жеңісі.
- 331 жыл б.з.б — Спарта и Македония соғысы.
- 331 жыл б.з.б — Мегалополе түбіндегі шайқас. Спарталықтар мен одақтас мемлекеттердің жеңілісі.
- 245 — 241 жылдар б.з.б — Агис реформасы сәтсіз аяқталды.
- 235 — 221 жылдар б.з.б — Клеомен реформасы сәтті орындалғанымен макендон патшасы Антигон III Спартадан Селласия түбіндегі шайқаста жеңілгеннен кейін реформаны алып тастады.
- 229 — 222 жылдар б.з.б — Клеомен соғысы. Спартаның Ахэй одағы мен Македонияға гегемония үшін Пелопоннесстегі қарсы соғысы.
- 222 жыл б.з.б — Селласия түбіндегі шайқаста Спарта ауыр жеңіліске ұшырайды. Спартаны Эллиндық одаққа кұшпен кіргізеді.
- 220 — 217 жылдар б.з.б — Одақтастар соғысы. Спарта Этолия одағымен бірге Эллиндық одаққа қарсы соғысы.
- 215 — 205 жылдар б.з.б — Бірінші Македония соғысы.
- 207 жыл б.з.б — Мантинея түбіндегі шайқас. Спарталықтардың ауыр жеңілісімен және патша Маханида өлімімен аяқталды.
- 204 жыл б.з.б — спарталықтар жаулауға тырысты Мегалополь.
- 201 жыл б.з.б — спарталықтар Мессенияға шабуылдайды, бірақ Тегейден жеңіліске ұшырайды.
- 195 жыл б.з.б — Лакония соғысы, Спарта жеңілісі және Ахей одағына қосылуы.
- 147 жыл б.з.б — Спарта Ахей одағынан шығып Римнен қолдау алып отырады. Ахей соғысы басталды..
- 146 жыл б.з.б — бүкіл Грекия Рим империясының астында қалып Ахей провинциясына айналды. Кезіндегі атақтары үшін Спарта мен Афина өздерінің территориясы аумағында өз өзін билеу құқығын алады.
Қауым
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аристократия:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Гомейлер (мағынасы «теңдес») — толық құқықты азаматтар. Гомейлер спарталықтар мен спартиаттарға тағайындалады.
- Парфениялар[1] (мағынасы «бикеш болып туылғандар») — кеуге шықпаған спартан әйелдерінің ұрпақтары (қауым бірінші Мессения соғысынығ 20-шы жылдарында пайда болды)
Халық:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Гипомейондар (мағынасы «ештеңесіз») — кедейленіп және кейбір мүшелерінен айырған азаматтар. Сол себептен азаматтық құқықтарынан айырылған.
- Мофактар (мағынасы «мансапқұмарлар») — гомей еместердің балалары. Олар спартандық тәрбие алған және толық азаматтық құқық алуға мүмкіндіктері бар.
- Неодамон (мағынасы «жаңа азаматтар») — бұрынғы илоттар (лакондықтар қатарынан), толық емес азаматтық алғандар(қоғам Пелопоннесс Соғысынан кейін пайда болды).
- Периектер — еркін азаматтар-емес (мысалы, афиндық метектер)
Тәуелді диқаншылар:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Лакониялық илоттар (Лакония тұрғыны) — мемлекеттік құлдар. Олар әдетте еркіндік алған, ал Пелопонесс соғысынан кейін жартылай азаматтық.
- Мессениялық илоттар (Мессения тұрғыны) — мемлекеттік құлдар. Мессения тәуелсіздігінен кейін өздерін еркін эллиндар сезіне алды.
- Эпейнакттар – Жесір спартан әйеліне үйленгенге бостандық алған илоттар.
- Эриктертар және деспоионавттар – Әскерге кеткен илоттар.
- Афеттер және адеспоттар – Илоттар қалауына қалғандар.
Спарта әскері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алғаш рет Спарта әскері туралы Илиадада айтылады. Ксенофонттың "Лакедомониянның мемлекеттік құрылымы" трактатында Спарта Әскері туралы барлық ақпарат нақты айтылған. Спарталықтар қаруына найза, қылыш және қорғаныш қару-жарақ: дөңгелек қалқан, дулыға, сауыт және т.б. Барлық қару-жарақ шамамен 30кг. Ауыр қаруланған жауынгер - гоплит. Спарта әскерінің қатарында жеңіл қаруланған жауынгерлер де болды. Оларда жеңіл найза мен садақ оқтарымен. Спарта әскерінің негізін 5-6 мыңдық гоплиттер құрады.
Илоттар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Спарталықтар жаулап алған жерлеріндегі жергілікті халықты құлдыққа ұстады. Оларды илоттар (басыбайлы, бағынышты) деп атады. Спарталықтар бағындырған халқын илоттарға айналдырды. Илоттар спарталықтардың жерін өңдеді. Олар астық егіп, түскен өнімді жинап, спарталықтар үйлеріне жеткізіп беріп отырды. Сауда мен қолөнерді де спарталықтар атқарды.
Грекиялық қала-мемлекеттер арасындағы күрестер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Грекия жерінде Афины мен Спарта күш-қуатты мол мемлекеттер болды. Олардың екеуі де бүкіл Грекия жерінде жеке-дара билік құруды мақсат етті. Сондықтан олар бүкіл Грекия жерін одаққа бөлді. Афины одағына Аттика аймағы мен солтүстік Грекияның бір бөлігі кірді. Ал Пелопенес одағына оңтүстік Грекияның мемлекеттері енді. Бұл одақты Спарта басқарды.[2]
Атақты спарталықтар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Алкман — спартандық поэт және музыкант
- Ликург — заң шығарушы
- Хилон — заң шығарушы
- Павсаний — Спарта патшасы, Лисандрдың политикалық оппоненті , Афинада демократияны қалпына келтірді
- Демарат — Спарта патшасы (515 - 491 жылдар б.з.б) Еврипонтид тұқымы
- Леонид I — патша, 300 спарталықтармен командирі
- Лисандр — Спарта навархы. Спартаның кұшеюі кезіндегі қысқа мерзімге патша билігіненде мықты болған. Спарта державасының қалаушысы.
- Телевтий — Спарта навархы, Агесилай патшаның інісі. Коринф соғысына қатсыты.
- Терпандр — спартандық поэт және музыкант
- Тиртей — спартандық поэт
- Ксенофонт — тарихшы, Афинада туылы, бірақ Спартаның алдында зор еңбекпен лакониялық азаматтық алды
- Киниска — Көне Олимпиядалық ойындарды ұтқан алғаш әйел
- Ксантипп — Спарта әскербасы. III ғасыр б.з.б өмір сүрді. Карфаген патшасына жалданып 255 жылы б.з.б римдік легионер әскербасы Регулды жеңді.[3][4]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Аристотель айтуынша олар екінші сортты азаматтар болған, бірақ олар гомей қатарына кірді, яғни аристократтар
- ↑ Ежелгі дүние тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы : " Атамұра "
- ↑ Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
- ↑ Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Sparta |