Сена
Сена (Seіne) | |
---|---|
Сенаның Париж орталығындағы ағысы | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 776 км |
Су алабының ауданы |
78,6 мың км² |
Су ағысы | |
Бастауы | Лангр үстірті |
• Биіктігі | 470 м м |
• Координаттары | 47°29′11″ с. е. 4°43′00″ ш. б. / 47.48639° с. е. 4.71667° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Ла-Манш бұғазы |
• Координаттары | 49°25′36″ с. е. 0°06′08″ ш. б. / 49.42667° с. е. 0.10222° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°25′36″ с. е. 0°06′08″ ш. б. / 49.42667° с. е. 0.10222° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Франция |
Сена (Seіne) — Францияның солтүстігіндегі өзен. Ұзындығы 776 километр, су жиналатын алабының аумағы 78,6 мың км². Лангр үстіртінен басталып, Ла-Манш бұғазының Сена қойнауына эстуарий жасап құяды. Негізгі салалары: Обь, Марна, Уаза (оң), Йонна, Эр (сол) өзендері. Негізінен жаңбыр суымен толығады; қараша — наурыз айларында деңгейі көтеріліп, тасқындар болып тұрады. Орташа жылдық су ағымы Париж қаласы маңында 250 м3/с, сағасында 400 — 500 м3/с. Теңіздік толысу өзенмен жоғары қарай 35 километрге (Руан қаласына дейін) таралады, Каналдар арқылы Сомма, Шельда, Самбр, Луара, Маас, Рейн, Сона өзендерімен жалғасқан. Сена Францияның өнеркәсіпті аудандарын Атлант мұхитымен жалғастыратын маңызды су жолы. Труа қаласынан сағасына дейін кеме жүзеді. Сена бойында Париж, Руан қалалары, сағасында Гавр порты орналасқан.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |