Мазмұнға өту

Сарғалдақ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сарғалдақ

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Қос жарнақтылар
Сабы: Ranunculales
Тұқымдасы: Сарғалдақтар тұқымдасы
Тегі: Ranunculus
L.
Түрлері

250-400+; мәтінді қара

Сарғалдақ (лат. Ranunculus)[1] — сарғалдақтар тұқымдасына жататын бір не көп жылдық өсімдіктердің үлкен тегі. Текте 360-тай биологиялық түрлер бар[2].

Солтүстік жартышардың қоңыржай белдеуіндегі аймақтарда кең таралған. Суда өсетін түрлері бар. Қазақстанның барлық өңірінде кездеседі. Өзен, жылға жағалауларындағы ылғалды жерлерде, батпақты ағынсыз шалшық суда, құрғақ және батпақты шалғында өсетін 55 түрі белгілі.

Ботаникалық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өсімдіктің биіктігі көбіне 5 — 150 см аралығында болады. Сабағы тықыр не түкті. Жапырағының жиектері бүтін не қауырсын тәрізді тілімденген. Гүлі ақ (суда өсетіндерінде) және сары (құрлықта өсетіндерінде) түсті, бір-бірден, кейде топтанып орналасады. Жәндіктермен, сондай-ақ өздігінен де тозаңданады, жемісі — көп жаңғақша.

Химиялық құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сарғалдақтардың көптеген түрлерінің құрамында протоанемонин және ранункулин глюкозиді болғандықтан улы, бірақ кептіргенде уыттылығы жойылады. Жатаған Сарғалдақ — дәрілік өсімдік. Сарғалдақтардың әсемдік үшін өсірілетін түрлері де бар.[3] [4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
  2. The Plant List: Ranunculus
  3. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
  4. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007