Мазмұнға өту

Сал

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Сал — 1) су жолдарымен жүк тасу үшін бір-біріне байланыстырылған бөренелер. Салды әдетте кемемен сүйретеді, кейде ол өзен ағысының күшімен де жылжиды. Сал өзен, көл және теңіз салы болып бөлінеді.
2) Суда қалқығыш заттардан, оларды өзара байланыстыра отырып жоғарғы бетіне тақтай қағылып жасалған платформа. Мұның көмегімен су арқылы адам және жүк тасылады. Ол сырықтың, ескектің немесе желкеннің жәрдемімен қозғалады. Мұндай салды дайындау үшін бөренелер, қамыс бумалары пайдаланылады. [1] 3)Ертеректе әдемі киініп жүретін, ойын-сауықшыл, өлеңші, әнші адамды осылай атаған.

«Кайдасың сал боп өткен бойдақ күнім?» (С. Асанов, Алматым.).

Сөздің алғашқы түлғасы мен мағынасын ертеден келе жатқан көне түркі тілдерінің бірі — якут тілінен кездестіреміз: «джалы»— қазіргі біздің тіліміздегі «еркін білу», «өз еркімен жүріп түрушы» сияқты мағынаны білдіреді. «Сал» атағына ие болған адамдар әр кезде ешкімге тәуелді болмай, өз ойы, еркімен жүретінін ескерсек, якут тіліндегі деректің шындыққа жақындығына әрі шүбәсыздығына сенім мол. Осылайша, өз еркімен жүріп-түратын, өнерлі адамдар «сал» аталған. Шындығына келгенде бұл сөздің алғашқы мағынасы өнермен ғана байланысты емес, адам еркіндігі, бостандығынан туғандығын айыру қиынға соқпаса керек.[2]

Дереккөздер:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том
  2. Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6