Мазмұнға өту

Рэпкор

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Рэпкор (немесе панк-рэп) — альтернативті рок-музыканың жанры, вокал ретінде көбінесе рэп оқуды қолданады. Рэпкор өзінде панк-рок, хардкор-панк, хип-хоп сияқты Рэпкор инструменталды және вокалды бағыттарды қамтиды.[1]

Рэпкордың дамуы (1980-жылдардан — 1990 жылдардың ортасы)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Beastie Boys тобын рэпкордың негізін қалаушылары деп санайды.

Рэпкор 1980 - жылдардың екінші жартысында, ұқсас фанк - метал жанрымен бірге пайда болды. Алғашқы рэпкор жанрындағы группа деп Beastie Boys саналады. Олар алғаш рет хип-хоппен хардкорды біріктірген. Алғашқы албомы «Licensed to Ill» 1986 жылы шағып R&B чартында алғашқы орындардың бірін алды. 2012 жылы Адам Яуханың өлімінен кейін альбом қайтадан Billboard чартына кірді. Сонымен қатар Biohazard тобы да осы жанрдың дамуына үлкен үлес қосты деп саналады. Өздерінің екінші «Urban Discipline» (1992) альбомында, олар трэш-металға хип-хоп қосып, бірнеше жанрды қосуды одан әрі әлемдік сахнаға шығарады.[1]

Рэпкордың алтын уақыты (1990-ж. соны - 2000 жылдардың басы)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1990-жылдары жанр үлкен қарқынмен дамиды, көптеген танымал рэпкор топтар пайда болады. 1995 жылы 311 атты топ Billboard чартында «Down» және «All Mixed Up», хип-хоп және рэгги-рок жанырындағы өлендерімен танымал болады. Rage Against The Machine тобының Evil Empire(1996) альбомы Billboard чартында бірінші орынды алады. 1997 жылы Limp Bizkit-тің «Three Dollar Bill, Yall$» атты алғашқы альбомы шығады. 2000 жылдары «Limp Bizkit» рэпкор жанырындағы ең үздіктердің бірі болып саналады. Осы жылы қыста Bloodhound Gang тобының «Hooray for Boobies» альбомы солтүстік америка және еуропа чарттарында алғашқы орындарды алады. Және тура сол жылы Papa Roach-тің ең танымал альбомдарының бірі шығады. «Last Resort» өлеңі Billboard альтернативті чартында бірінші орынды алады.

2000 жылдың күзінде ню-метал/рэпкор жанрындағы Linkin Park өздерінің алғашқы «Hybrid Theory» альбомын шығарады, «Hybrid Theory» Billboard 200 чартында екінші орынды және сатылым жағынан онжылдықтың екінші орынын алады. «In the End» өлені рэпкор жанырындағы ең танымал өлендердің бірі болып табылады.[1]

2000 жылдың ортасы — қазіргі уақыт

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2000 жылдың ортасында рэпкорға деген қызығушылық азаяды, хит-парадтарға түсетін рэпкор орындаушылар азая бастайды. 2005 жылдан бастап One Day as a Lion, Hazen Street, Avery Watts сияқты топтар пайда болады. Үлкен жетістікке 2008 жылы шыққан «Swan Songs» альбомымен Hollywood Undead тобы жетті. Бұл топ өзінде хип-хоп, рэп-метал,скримо-кранк және қоршаған ортаға деген дөрекі қатынасты қамтиды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b c d [1],ru.wikipedia.org/wiki/рэпкор